Өзбекстанда екінші АЭС жобасын дайындау басталды
Президент Шавкат Мирзиёев бұл туралы Хорезм облысындағы жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу рәсімінде айтты, деп жазады жергілікті БАҚ.
Мемлекет басшысының айтуынша, жоба әлі дайындық кезеңінде. Дегенмен, Мирзиёев егжей-тегжейлі мәліметтерді ашқан жоқ. «Бүгін сіздерге сыр ретінде айтқым келеді: біз екінші станция бойынша да үлкен дайындық жүргізіп жатырмыз», — деді Өзбекстан президенті.
Билік өкілдері алғашқы АЭС-ті Жызақ облысындағы Тұзқан көлінің жанында салып жатыр. Станцияның қуаты 330 МВт құрайды. Жобаның бас мердігері — «Росатом», сонымен қатар құрылысқа өзбекстандық компаниялар да тартылды.
Қазақстандағы АЭС құрылысы жобасына қатысты не болып жатқанын жоғарыдағы жарияланымдарымыздан оқи аласыздар.
Abai.kz