Бейсенбі, 27 Тамыз 2026
Жаңалықтар 463 0 пікір 23 Тамыз, 2026 сағат 09:49

Алматыдағы сайлау: Дауыс беруге келгендердің қарасы қалың

Суреттер: Әлеуметтік желілерден алынды.

Бүгін елдің саяси өміріндегі маңызды күн. Еліміздің барлық өңірінде Құрылтай сайлауына дауыс беру басталды.

Таң сәріден сайлау учаскелеріне ағылған жұрттың қарасы қалың. Әсіресе, екі миллионға жуық сайлаушысы бар Алматыдағы белсенділікке назар ерекше.

Қалада барлығы 670 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Солардың бірі – Жетісу ауданындағы Айнабұлақ шағынауданында орналасқан. Таңертеңнен бері олардың алды дауыс беруге келіп, азаматтық таңдауын жасауда. Учаскедегі адам қарасы қалың. Жұрттың көңіл-күйі де жақсы, белсенділік байқалады.

Бұл сайлаудың Алматы үшін маңызы ерекше. Себебі мегаполисте екі миллионға жуық сайлаушы бар. Олардың басым бөлігі дауыс беруге қатысса, бұл сайлаудың ел көлемінде жоғары деңгейде өтуіне елеулі үлес болмақ.

Айнабұлақтағы учаскеге келгендердің арасында сайлауға алғаш рет қатысып отырғандар да бар. Солардың бірі – жуырда кәмелеттік жасқа толып, төлқұжатын алған Александр Матвиненко.

Алматыдағы сайлау учаскелеріндегі бүгінгі көрініс бір нәрсені аңғартады: азаматтардың саяси таңдау жасауға деген қызығушылығы бар. Ендігі маңыздысы – бұл белсенділік күн соңына дейін бәсеңдемей, әр сайлаушының өз таңдауын жасауымен жалғасуы.

Abai.kz

0 пікір