Сәрсенбі, 26 Тамыз 2026
Жаңалықтар 359 0 пікір 24 Тамыз, 2026 сағат 16:56

Адам құқықтары жөніндегі уәкілі тағайындалды

Сурет: kazpravda.kz сайтынан алынды.

Артур Ермекұлы Ластаев Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Артур Ермекұлы Ластаев Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды», — делінген дүйсенбіде таратқан хабарламада.

Ластаев бұл тағайындауға дейін 2022 жылдың желтоқсанынан бері Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымын атқарып келген. Оған дейін, 2022 жылы Қазақстан Бас прокуратурасының Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметін басқарды.

2016–2022 жылдары Ластаев Қазақстанның Женевадағы БҰҰ бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігінде, сондай-ақ Қазақстанның Швейцариядағы елшілігінде дипломатиялық қызметте болды.

Abai.kz

0 пікір