Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 530 0 пікір 26 Тамыз, 2026 сағат 14:38

ЕО Құрылтай сайлауы туралы не дейді?

Сурет: deutschland.de сайтынан алынды.

Еуропалық Одақ Қазақстанның адам құқықтары, заң үстемдігі және демократиялық басқару салаларындағы реформаларын әрі қарай да қолдауға дайын екенін атап өтті.

Еуропалық Одақ Қазақстанды 23 тамызда өткен Құрылтай депутаттарының сайлауынан кейін де демократиялық реформалар бағытындағы жұмысты жалғастыруға шақырды. ЕО өкілінің бұл жөніндегі мәлімдемесі 25 тамызда жарияланды.

Еуропалық Одақ дауыс беру күнінің тағайындалуы мен оның өтуі арасындағы қысқа мерзімге қарамастан, сайлаудың Қазақстан билігі тарапынан «жақсы дайындалған әрі ұйымшылдықпен» өткізілгенін атап өтті. Сонымен қатар ЕО саяси партиялар мен азаматтардың сайлау процесіне белсене қатысқанын құптады.

Атап айтқанда, ЕҚЫҰ (ОБСЕ) байқаушылары қоғамдық консультациялар өткізу мүмкіндіктерінің шектеулі болғанына нұсқады.

«ЕО Қазақстанды демократиялық реформалар бойынша жұмысты әрі қарай да белсенді жалғастыруға қатаң түрде шақырады», – делінген мәлімдемеде.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1343
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2918
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 997
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 928