Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2916 0 пікір 5 Қараша, 2009 сағат 08:44

Ақберен Елгезек. Бекетаевты бейнетаспаға түсіруге болмайды!

Кеше Қазақстанда сөз бостандығы мен демократияның аясын тарылтуға бағытталған жаңа бір қадам жасалды. Парламент Мәжілісі "Азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық туралы" Заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Енді сенаторлар қарсылық білдірмей, Елбасының қолы қойлып кетсе, сіздің журналист ретіндегі қызметіңіз күрделене түспек. Себебі,  аталған Заң жобасы бойынша сіздің толықтай ақпарат алу мүмкіндігіңіз шектелетін болады.

Айналымға кіргелі отырған жоба бойынша азаматтардың жеке өмірі, өзі жайлы немесе отбасы туралы мәліметтер, біреумен жазысқан хаттары, телефон секілді байланыс құралы арқылы болған әңгімелері, пошта, телеграфтың көмегімен алысқан дүниелері заңмен  қорғалатын болады. Дұрыс делік.

Алайда, журналистерден әбден зәбір көргендіктен бе, жоқ, әдеттегідей ерекшеленіп көрінгісі келді ме, әйтеуір Владимир Нехорошев деген «халық қалаулысының» журналистерді психикалық тексеруден өткізу керек деген мәлімдемесін қалай түсінуге болады екен? Нехорошевтің сөзіне сүйенсек, кейбір азаматтарды журналистер жазықсыз қараласа, ол жаладан арыла алмай, дүниеден баз кешіп кететін көрінеді.

Мәжіліске аталған Заң жобасын әкеліп таныстырған Әділет вице-министрі Марат Бекетаевтың айтқан әр сөзінен осы заңның тезірек қабылдануына мүдделі екендігі сезіліп тұрды. Жадымызды жаңғыртатын болсақ, автокөлікті мас күйінде жүргізген вице-министрді жол полициясы қызметкерлері бейне таспаға түсіріп алғаны есімізге түседі.

Енді мына қызыққа қараңыз. Әгәрәки, Марат Бекетаев мырза тағы осындай жағдайға «байқаусызда» түсіп қалып, оның мас күйі түсірілген бейнетаспа бұқаралық ақпарат құралындары арқылы таратылатын болса, онда бұл әрекет заңбұзушылық деп бағаланатын болады.

Осы тұста Мәжіліс депутаты Рамазан Сәрпековтің сөзін келтіре кетейік.

«Мысалы, адал өмір сүріп, адал қызмет істеп жүрген адам жайында жалған ақпарат таратудың қажеттілігі қандай? Егер айғайлап тұрған дүние немесе шын мәнінде жемқорлыққа қатысты және лауазым иесінің өрескел мінезі жайында болса, ондайды жазу керек, халықтың алдына шығару керек. Оған ешқандай тосқауыл қойылмайды» - деді депутат.

Біздің шенеуніктер еліне адал қызмет етіп, парақорлыққа жол бермесе, халықтан шыққан азамат екенін ешқашан ұмытпаса, ол туралы жалған ақпарат таратылмақ түгілі, ол туралы жағымсыз сөз айтылмаса керек.

Бұл лауазымын пайдалана отырып, халық байлығын талан-таражға түсіргенмен өз қылмысын қалың бұқарадан жасырғысы келген шенеуніктерге тиімді заң жобасы. Сөз еркіндігінің шекесі қызып тұрмаған Қазақстанда жоғарыда айтылған заң жобасы қабылданып жатса, қазақ жерінде демократияның өзі түгілі, көлеңкесі де көрінбейтін болады.

Сол себептен, қадірлі әріптестеріміз - журналистер қауымын заң жобасының қабылдануына қарсы ұйымдастырылатын интернет-акцияға белсенді түрде қатысуға шақырамыз.

«Абай-ақпарат».

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2273
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3590