Жұма, 13 Қараша 2026
Жаңалықтар 752 0 пікір 14 Қыркүйек, 2026 сағат 16:49

Атырау әкімі Шәкір Кейкін өз еркімен қызметінен кетті

Сурет: Атырау облысы әкімдігінен алынды.

Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкін қызметінен босатылды. Бұл ақпаратты Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі растады.

Ресми мәліметке сүйенсек, Шәкір Кейкін лауазымынан өз еркімен босатуды сұраған. Оның өтінішін аймақ басшысы қанағаттандырды.

Шенеунік шаһар басшысы қызметіне 2023 жылдың 10 шілдесінде кіріскен еді. Шәкір Кейкін әр жылдары түрлі мемлекеттік мекемелерде басшылық лауазымдарды атқарған. Ал 2023 жылдың наурызынан бастап қала әкімі болып тағайындалғанға дейін ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда департаментінің басшысы лауазымында жұмыс істеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін ҰҚК Атырау қаласы әкімінің екі бірдей орынбасары — Мейіржан Мұқасов пен Тілек Махуовқа қатысты тергеу амалдары жүріп жатқаны хабарланған.

Abai.kz

0 пікір