Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
212 0 пікір 14 Қыркүйек, 2026 сағат 19:35

Миллион адам кітап оқуды таңдадды

(Сурет:ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінен алынды.)

«Кітап оқитын ұлт» республикалық оқу марафонының ресми сайтында миллионыншы қатысушы тіркелді.

Бұл — жоба және біздің үлкен оқырман қауымымыз үшін маңызды белес.

Бүгінде Қазақстанның барлық өңірінен 1 000 000 адам кітапты, білімді және дамуды таңдады.

Қатысушылар қатарында — мектеп оқушылары мен студенттер, мұғалімдер мен ата-аналар, кітапханашылар, мемлекеттік қызметшілер, түрлі мамандық иелері және тұтас отбасылар.

Бұл цифрдың артында жай ғана тіркеулер саны тұрған жоқ. Оның артында — марафонды өзіне жаңалық етіп ашқан және кітап оқуға қарай қадам жасаған миллион адам тұр.

Бірге оқу — тек көбірек кітап оқу деген сөз емес. Бұл — кітаптарды талқылауға, әсерлерімізбен бөлісуге, жаңа идеяларды ашуға, бір-бірімізді жақсырақ түсінуге және оқу мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік.

Марафонға тұтас отбасылардың, мектептердің, ұжымдар мен қауымдастықтардың қосылып жатқаны ерекше маңызды. Кітап қарым-қатынас жасауға себеп болып, жасы мен кәсібі әртүрлі адамдарды біріктіреді. 1 миллион тіркелген қатысушы — бұл тек бастамасы.

«Кітап оқитын ұлтқа» қосылып, кітап оқып, марафонға қатысып, өз әсерлерімен бөлісіп жүрген әрбір адамға алғысымызды білдіреміз.

Бірге біз кітап оқу — заманауи, қызықты әрі беделді саналатын мәдениетті қалыптастырып келеміз.

Біз қазірдің өзінде 1 000 000 адамбыз.

Алда — бұдан да көп кітап, оқырман және тарих бар.

БІЗБЕН БІРГЕ БОЛҒАНЫҢЫЗ ҮШІН РАҚМЕТ!

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1174
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2699
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 822
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 791