ҚР ҰҚК: «Охотзоопром» филиалының басшысы ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Охотзоопром» РМҚК Батыс өңірлік филиалының басшысы Арман Құжахметовтің ұсталғаны туралы ақпараттан кейін сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде «Охотзоопром» РМҚК Батыс өңірлік филиалының басшысы Арман Құжахметовтің ұсталғаны туралы ақпарат тарағаннан кейін Kazinform жолдаған сауалға жауап берді.
Kazinform агенттігі аталған ақпаратқа байланысты ҰҚК-ден ресми түсініктеме сұрады.
— Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, — делінген Комитет жауабында.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеудің мән-жайын нақтылаған жоқ.
Бұған дейін ҰҚК Ақтау қаласы әкімшілік полициясы бастығына қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын растаған болатын.
Abai.kz