Сәрсенбі, 23 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 224 0 пікір 22 Қыркүйек, 2026 сағат 15:34

Тәжікстан мен Қытай жаңа газ құбырын салмақ

Сурет: avesta.tj сайтынан алынды.

Тәжікстанның Энергетика және су ресурстары министрі Далер Жума «Trans-Tajik Gas Pipeline Company» тәжік-қытай бірлескен кәсіпорнының басшылығымен «Орталық Азия – Қытай» газ құбырының төртінші желісін салу жобасын талқылады. Бұл туралы Тәжікстанның «Ховар» мемлекеттік ақпарат агенттігі хабарлады.

Кездесуде Түрікменстан газын Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан аумағы арқылы Қытайға жеткізуге арналған «D» желісі сөз болды. Жалпы ұзындығы 966 шақырымды құрайтын бұл құбырдың 391 шақырымы Тәжікстан жері арқылы өтеді. Жоспарға сәйкес, магистральдың өткізу қабілеті жылына 25-тен 30 миллиард текше метрге дейін газ тасымалдауға мүмкіндік береді.

Тәжікстан Энергетика министрлігінің мәліметінше, жобаға 3 миллиард доллардан астам қытай инвестициясы тартылып, 3000-нан астам тұрақты жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Қазіргі уақытта түркімен газы Қытайға Өзбекстан мен Қазақстан аумағы арқылы өтетін «А», «В» және «С» деп аталатын үш желімен жеткізілуде. Олардың жалпы қуаты жылына 55 миллиард текше метрді құрайды. Ал жаңа «D» желісі іске қосылғаннан кейін бүкіл жүйенің өткізу қабілеті жылына 85 миллиард текше метрге дейін артады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1394
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2971
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1042
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 972