Бажкеноваға қатысты үкім өзгеріссіз қалды
Апелляциялық алқа Orda.kz порталының бұрынғы бас редакторы Гүлнар Бажкеноваға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Апелляциялық алқа Orda.kz басылымының бұрынғы бас редакторын 2 жылға кейінге қалдыру арқылы 8 жылға бас бостандығынан айыру, сондай-ақ 5 жыл бойы журналистік, блогерлік, қоғамдық қызметпен айналысуға және бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқаруға тыйым салу туралы Бостандық аудандық сотының үкімін өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы сейсенбіде «Радио Азаттық» хабарлады.
Еске сала кетейік, Бажкеноваға қатысты үкім 18 тамызда шыққан болатын. Orda.kz-тің экс-бас редакторына ҚР ҚК-нің 189-бабы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу), 214-бабы (Заңсыз кәсіпкерлік қызмет) және 274-бабы (Көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша айып тағылды. Бажкенованың өзі тағылған айыптарды мойындаған жоқ.
Abai.kz