Бейсенбі, 22 Қазан 2026
Саңлақ 2429 0 пікір 30 Қыркүйек, 2026 сағат 14:51

Спорт журналисі: Нақты жұмыспен айналыс, Головкин!

Суреттер: 24.kz, facebook.com сайттарынан алынды.

Спорт журналисі Аслан Қаженов Геннадий Головкинмен кездесуі кезінде боксшының өзіне «ұятсыз» («бесстыжий») деген сөз айтқанын мәлімдеді. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Осыған дейін Геннадий Головкин туралы бірде-бір негатив жазған емеспін. Керісінше, оған деген құрметім ерекше болатын. Бүгін соның бәрі нөлге түсті. Бокс сессиясынан кейін амандасып жатсам, маған «бесстыжый» дейді. Даңқты чемпион шығарсың, бірақ, ең алдымен, адам болып қалу керек», – деп жазды журналист.

Аслан Қаженов Қазақстан атынан халықаралық жарыстарда өнер көрсететін спортшылардың жетістіктеріне қатысты жауапкершілік бар екенін атап өтті.

«Біз бұл жерде босқа жүрген жоқпыз. Бір елдің атынан келген соң, сол елдің мүддесі үшін күйіп-пісіп, спортшыларымызбен бірге қуанып, бірге мұңайып жүрген қазақтың баласымыз. Бізде де намыс бар, бізде де ар бар», – деді ол.

Сондай-ақ журналист өзінің айтқан сөзінен қайтпайтынын жеткізіп, спорт саласындағы нақты мәселелерді шешуге шақырды.

«Өсек-аяңға ермей, нақты жұмыспен айналыс! Викторияның жеңісін қайтар! Ясминаның алтынын қайтар! Атқаратын басқа да жұмыс жетеді. Өз еліңнен келген қаракөздерге тиісіп, олай мұқата берме! Нақты іспен айналыс!» – деп түйіндеді Аслан Қаженов.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1137
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1578