Теміртаудағы меткомбинатқа ауа райына байланысты тоқтатылған су және электр қуатын беру қалпына келтірілді
Астана. 6 қараша. ҚазТАГ – Қарағанды облысының Теміртау өнеркәсіп ауданына, соның ішіне меткомбинатқа ауа райына байланысты тоқтатылған су және электр қуатын беру толығымен қалпына келтірілді, деп хабарлайды Қазақстанның ТЖМ.
Аймақтың жедел әрекет етуші күштері министрліктің республикалық дағдарыс орталығына хабарлаған мәліметтерге сілтеме жасап отырған ведомство бейсенбі күні 17 сағат 30 минутта электр желілеріне мұз қатып, үзіліп кеткен, осының салдарынан «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық комбинатына электр қуатын беру тоқтатылғанын хабарлайды.
Таратылған ақпаратта айтылғандай, оттегі және төрт прокат цехының жұмысы жартылай тоқтатылды. №3 және №4 домендік пештер баяу жұмысқа көшірілді. Теміртаудың шығыс бөлігі, шифер зауыты және Ақтау елді мекенінің тұрғын үй секторы да жарықсыз қалды.
Сонымен қатар, Сергиопольский су жинақтағышының желілеріне электр қуаты берілмегендіктен, меткомбинатқа және Теміртаудың шығыс бөлігіне ауыз су беру тоқтатылды.
Жұма күні таңғы сағат 7-де «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, Сергиопольский су жинақтағышын және Теміртаудың шығыс бөлігін сумен және электр қуатымен қамтамасыз ету толығымен қалпына келтірілді, деп хабарлайды ТЖМ.

Тіршілікпен қамтамасыз ету жүйелеріндегі апатты жағдайды жоюға «Қарағанды Жарық» ЖШС-інің, «Горсвет» ЖШС-інің және «KEGOK» АҚ-ның 69 маманы және 16 техникасы тартылды.