Қазақстанның IT қызметтерін 100-ден аса ел қолдануда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев AI & Digital Bridge-2026 форумында өткен жылы Қазақстанның IT қызметтері экспорты 1 млрд доллардан асқанын, ал отандық цифрлық шешімдердің 100-ден астам елде қолданылып жатқанын айтты.
Оның ішінде, мемлекет басшысы АҚШ Президенті Д. Трамп бастамасымен американың жоғары технологиялық компанияларымен жасанды интеллект саласында келісімдерді атап өтті.
Бұл цифрлық сектордың халықаралық нарыққа шыққанын көрсететін маңызды көрсеткіш.
Бірақ технология саласында бір межеге жету жеткіліксіз. Келесі міндет стартаптарға нақты қолдау көрсету, жаңа жобаларды көбейту және AI-ды экономиканың нақты мәселелерін шешуге бағыттау.
Осы мақсатта Президент экономикадағы нақты сұраныстар негізінде AI міндеттерінің тізімін жасап, қазақстандық және шетелдік командалар қатысатын AI Challenge өткізуді ұсынды.
Сәбит Рыспаев
Abai.kz
