Ұлттық банктің алтын-валюта қоры қазанда $20,8 млрд-қа дейін өсті
Алматы. 6 қараша. ҚазТАГ – Еліміздің жалпы халықаралық алтын-валюта қоры (АВҚ) қазан айында 0,65%, $20,8 млрд-қа дейін өсті. Ұлттық банктің сайтында жұма күні осындай ақпарат жарық көрді.
2009 жылдың қаңтар-қазанында жалпы резервтер 4,65% өсті.
Ұлттық банктің еркін алмастырылатын валютадағы (ЕАВ) активтері эквивалентте $18,3 млрд құрап, бір айда 0,38% төмендеді. Жыл басына қатысты ЕАВ активтері 2,37% өсті.
Қазан айында алтын түріндегі активтер 8,87% өсіп, $2,5 млрд болды. 2009 жылдың қаңтар-қазанында бұл активтердің құны 25,03% артты.
Ұлттық банктің активтері $23,7 млрд құрап, 2009 жылдың қазанында 0,45%, ал қаңтар айынан бері 13,69% қысқарды.