Үкімет АӨК қаржыландыруды 2014 жылға қарай үш есеге есеге, 391 млрд теңгеге дейін арттыруды жоспарлап отыр
Астана. 6 қараша. ҚазТАГ – Дина Ермағанбетова. Үкімет агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыруды (АӨК) 2010 жылдағы 130 млрд теңгеден 2014 жылы 391,1 млрд теңгеге дейін арттыруды жоспарлап отыр, деп мәлім етті бірінші вице-премьер Өмірзақ Шөкеев.
«2010 жылы бағдарламаның шараларын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 137 млрд теңге бөлінеді. Қаржыны жыл сайын арттыру жоспарланған. Және 2014 жылға қарай саланы қаржыландыру көлемін жылына 391,1 млрд теңгеге жеткізу көзделіп отыр», - деді ол жұма күні сенатта АӨК-ті дамыту мәселесі бойынша парламенттік тыңдауда.
Ө. Шөкеев қаржыландырудың аталған көлемі қазір әзірленіп жатқан АӨК пен ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеуді дамыту жөніндегі бағдарламада қарастырылатынын жеткізді.