Инудстрия және сауда министрі болып Исекешев тағайындалды, Школьник «Қазатомпромды» басқарады
Астана. 21 мамыр. ҚазТАГ – Бейсенбі күні инудстрия және сауда министрі болып президенттің көмекшісі қызметі атқарған Әсет Исекешев тағайындалды. Ал Владимир Школьник ұлттық «Қазатомпром» компаниясын басқаратын болды. Бұл туралы ҚазТАГ тілшісі индустрия министрлігінің ғимаратынан хабарлады. Ол жерді ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов ведомствоның жаңа басшысын ұжымға таныстырды.
«Әсет Исекешевті инудстрия және сауда министрі етіп тағайындау туралы президенттің жарлығына қол қойылды және ол ҚР президент көмешісі қызметінен босатылды. Премьер, Исекешевтің көптеген жыл индустрия министрлігінің құрамында істегенін, оның 3 жылында вице-министір қызметін атқарғанын ескеріп өтті.
Сонымен қатар премьер-минстр: «Біз Владимир Школьникті ұлттық «Қазатомпром» компаниясын басқаруға ұсынамыз», - деп мәлім етті. Ол қазіргі уақытта атом энергиясын дамыту Қазақстан үшін «мұнайгаз секторын дамытуан маңыздылығы артық болмаса, кем емес» екенін ескертті.
Премьер атқарған жұмысы үшін В. Школьникке алғысын білдірді. «Владимир Сергеевич қайда болмасын, әр кез, оның алдына президент қойған міндетті әбүйірмен атқарып келді. Осы дағдарысты ауыр кезеңде Владимир Школьник басқарған индустрия және сауда министрлігінің алдына өте көп мақсат жүктелді де... ол тамаша шешімін тапты», - деді К. Мәсімов.

38-жасар Әсет Исекешев 2008 жылдың ақпанынан ҚР президент көмешісі қызметін атқарған. Бұған дейін ол индустрия және сауда вице-министрі, «Қазына» ТДҚ төраға орынбасары қызметтерін атқарған.
60-жасар Владимир Школьник 2008 жылдың ақпанынан ҚР индустрия және сауда министрі қызметінде. Алдындары ол ғылым және жаңа технологиялар министрлігін, ҚР Ғылым академиясын, энергетика, индустри және сауда министрлігін басқарған. 2000 жылдың желтоқсанынан 2002 жылдың қаңтары аралығында премьер-министрдің орынбасары, энергетика және минералды ресурстар министрі болды. 2007 жылы ҚР президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары жұмысын атқарған.
Бұл ретте «Қазатомпромды» басқарған Мұхтар Жәкішев әзірге кадрлық өзгерістер туралы білмейтін болып шықты.