Қазақстан мұнай өнімдерін экспорттауды 6 айға шектемек
Қазақстан мұнай өнімдерін сыртқа шығаруға салынған тыйымды алты айға ұзартты...
Қазақстан мұнай өнімдерін автомобиль және теміржол көлігімен сыртқа шығаруға алты ай мерзімге тыйым салады. Шектеулер 2026 жылғы 22 қарашадан бастап өз күшіне енеді және бұл шаралар ЕАЭО елдеріне тасымалданатын өнімдерге де қатысты болады.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі ел аумағынан мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуге уақытша тыйым салатын 2026 жылғы 30 қазандағы №397-н/қ бұйрыққа қол қойды.
Шектеулер алты ай бойы – 2027 жылғы 22 мамырға дейін қолданылады.
Abai.kz