Дүйсенбі, 9 Қараша 2026
Жаңалықтар 121 0 пікір 9 Қараша, 2026 сағат 16:13

Қазақстан-АҚШ: Инвестиция көлемі 17 млрд доллардан асты

Сурет: Ақорда сайтынан алынды.

Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас соңғы бір жылда ең жоғары деңгейге жетті.

Бұл туралы Қазақстанның Вашингтондағы елшісі Ілиясов The National Interest журналына берген сұхбатында айтты. Оның сөзінше, Президент Тоқаевтың Вашингтонға сапары және C5+1 саммиті барысында тараптар жалпы құны 17 млрд доллардан асатын коммерциялық келісімдер туралы жариялады. АҚШ-тың Қазақстан экономикасына салған жиынтық инвестициясы 60 млрд доллардан асып, елде 600-ден астам американдық компания жұмыс істеп жатыр.

Ілиясов екі елдің мүдделері барған сайын бір жерден шығып жатқанын атап өтті: Вашингтон сенімді жеткізу тізбектеріне, маңызды минералдарға және көлік бағыттарына мүдделі болса, Астана инвестицияларға, технологияларға және экономиканы әртараптандыруға ниетті.

«Бүгінгі таңда Қазақстан мен Орталық Азия — жай ғана ірі державалардың ортасындағы аймақ емес, өзіндік стратегикалық басымдықтары, экономикалық әлеуеті және өсіп келе жатқан геосаяси маңызы бар аймақ», — деп атап өтті дипломат.

Сұхбатта Орталық дәліз бен TRIPP жобасына ерекше назар аударылған. Қазақстан TRIPP бағытын Транскаспий көлік дәлізіне қосымша ретінде қарастырады және өз компанияларының теміржол құрылысы мен инфрақұрылымды модернизациялауға қатысуына мүдделі. Сонымен қатар Ілиясов Азия мен Еуропа арасындағы цифрлық байланысты нығайтуға тиіс Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы транскаспийлік талшықты-оптикалық желінің іске қосылғаны туралы хабарлады.

Сыртқы саясат туралы айта келе, елші Астананың АҚШ, Ресей, Қытай және басқа да серіктестермен қарым-қатынасты дамыта отырып, көпвекторлы бағытты сақтайтынын баса айтты. Бұл ретте, оның айтуынша, Қазақстан өзінің стратегиялық мүдделеріне көбірек арқа сүйейді және халықаралық істердегі дербес рөлін нығайтуға ұмтылады.

Abai.kz

0 пікір