Дүйсенбі, 16 Қараша 2026
Билік 312 0 пікір 16 Қараша, 2026 сағат 13:09

ҰҚК-да ауыс-түйіс: Сағымбаев кетіп, Ирменов келді...

Суреттер: tengrinews.kz және inform.kz сайттарынан алынды.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жарлық шығарып, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысын ауыстырды.

Ермек Сағымбаев қызметінен алынып, орнына Марат Ирменов тағайындалды.

Ақорда Жарлығында:

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы лауазымынан босатылды», - деп жазылған.

Бұрын Мемлекеттік күзет қызметін басқарған Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев ҚР ҰҚК тізгінін 2022 жылодың қаңтарынан бастап ұстаған.

Тағайындау туралы Жарлықта:

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Ғатаұллаұлы Ирменов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», - деп жазылған.

Ал Марат Ирменов 2025 жылдың қазан айынан бері ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары қызметін атқарып келген.

Abai.kz

0 пікір