Сәрсенбі, 18 Қараша 2026
Жаңалықтар 118 0 пікір 18 Қараша, 2026 сағат 15:30

WTA: Елена Рыбакинаны әлемнің үздік теннисшісі

Сурет: informsports.kz сайтынан алынды.

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның тарихи жетістігін ресми түрде растады.

Ол мансабында алғаш рет маусымды әлемдік рейтингтің көшбасшысы ретінде аяқтады.

WTA ұйымының Instagram желісіндегі ресми парақшасында 27 жастағы қазақстандық спортшының жыл қорытындысы бойынша әлемнің бірінші ракеткасына табысталатын арнайы трофеймен түскен суреті жарияланды.

«Әлемнің үздігі! Елена Рыбакина мансабында алғаш рет жыл қорытындысы бойынша WTA рейтингінің бірінші ракеткасы атанды!» – делінген ұйымның ресми хабарламасында.

2026 жыл Елена Рыбакинаның спорттық мансабындағы ең табысты маусым болды. Қазақстандық теннисші биыл «Үлкен дулыға» санатындағы екі ірі турнирде – Australian Open және US Open жарыстарында чемпион атанды.

Денсаулығына байланысты Индиан-Уэллсте өткен WTA қорытынды турнирінен бас тартуға мәжбүр болғанына қарамастан, Рыбакина әлемдік рейтингтегі көшбасшылығын сақтап қалды.

Маусым қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы 8099 рейтингтік ұпай жинап, бірінші орынға тұрақтады. Ал қорытынды турнирдің жеңімпазы, ресейлік Мирра Андреева 7806 ұпаймен екінші орынға жайғасты.

Abai.kz

0 пікір