Қауіпті Ресей үшін қарымта саясат
Батыстың ақапарттық кеңістігіндегі ықпалды «International Herald Tribune» басылымында аймақтағы көршілеріне қарата қауіпті қадамдар жасап отырған Ресей үшін қарымта саясат ұстанудың қажеттігін ескерткен мақала жарық көрді. «inosmikz.com» сайтының редакциясы ағылшын тілінен тікелей орыс тіліне аударып берген мақала авторлары - Қапақаз институтының Лондондағы Кингс-колледжінің директоры, Еурокомиссияның Гүржістандағы бұрынғы елшісі Денис Корбой, АҚШ-тың Қазақстан мен Гүржістанда ілгеріде болған елшісі Уильям Кортни, АҚШ-тың Беларуссия мен Гүржістандағы экс-елшісі Кеннет Яловиц.
Бүгінгі Ресейдің аймақтағы көршілеріне қатысты ұстанып отырған саясаты Еуропа мен Құрама Штаттар үшін және еркін сайлау нәтижесінде жеңіске жеткен президент Барак Обама үшін де жарлыс қауіпінің белгілері анық байқала бастаған құбылысқа айналып келеді. Әміршіл Ресей қоңсыларының әлсіздігін пайдаланып Кеңес Одағы құлағаннан кейінгі жылдардың есесін қайтарып, есебін түгендеуге кірісті деп ескертеді салған бетте мақала авторлары.
АҚШ пен Батыстың стратегиялық мүддесіне әсер етуі әбден ықтимал мақалаға ұжымдасып қол қойған авторлар алдымен 2008 жылы тамыз айында Ресей әскерилерінің әлемді шошындырған әрекеттерін еске алады.
Батыстың ақапарттық кеңістігіндегі ықпалды «International Herald Tribune» басылымында аймақтағы көршілеріне қарата қауіпті қадамдар жасап отырған Ресей үшін қарымта саясат ұстанудың қажеттігін ескерткен мақала жарық көрді. «inosmikz.com» сайтының редакциясы ағылшын тілінен тікелей орыс тіліне аударып берген мақала авторлары - Қапақаз институтының Лондондағы Кингс-колледжінің директоры, Еурокомиссияның Гүржістандағы бұрынғы елшісі Денис Корбой, АҚШ-тың Қазақстан мен Гүржістанда ілгеріде болған елшісі Уильям Кортни, АҚШ-тың Беларуссия мен Гүржістандағы экс-елшісі Кеннет Яловиц.
Бүгінгі Ресейдің аймақтағы көршілеріне қатысты ұстанып отырған саясаты Еуропа мен Құрама Штаттар үшін және еркін сайлау нәтижесінде жеңіске жеткен президент Барак Обама үшін де жарлыс қауіпінің белгілері анық байқала бастаған құбылысқа айналып келеді. Әміршіл Ресей қоңсыларының әлсіздігін пайдаланып Кеңес Одағы құлағаннан кейінгі жылдардың есесін қайтарып, есебін түгендеуге кірісті деп ескертеді салған бетте мақала авторлары.
АҚШ пен Батыстың стратегиялық мүддесіне әсер етуі әбден ықтимал мақалаға ұжымдасып қол қойған авторлар алдымен 2008 жылы тамыз айында Ресей әскерилерінің әлемді шошындырған әрекеттерін еске алады.
Былтырғы тамыз айындағы трагедиялық соғыс (Ресей-Гүржістан қақтығысы.-ред) Ресейдің қарулы күштерді пайдалануға дайын екендігін көрсетті. Экономиканың ұйыққа шөгуі, ықпалды сарапшылардың сын-ескертпесі Ресейді қазіргі бетінен тоқтата алмайды дейді олар.
Желтоқсанның 24-күні Дмитрий Медведев «Ресейдің мүддесі құрал-жабдықатармен қамтамасыз етілуі керек» деді. Бұдан бұрын Медведев Ресей ядролық зымыранның оқтұмсығын Польшаға қарай бұруы мүмкін екендігін ескертті. Өйткені Ресей Польшамен арадағы айрықша жайттарды реттеп алуға тиіс екен.
Ресейдің Еуропаға экспорттайтын көгілдір отынын жеткізіп беруге байланысты Украина қарсылық танытқанда желтоқсанның дәл 31-күні премьер-министр Путин «транзитті елдердің тәртібіне қарау керек» деді.
Мәскеу маңайындағы шағын елдерге қарсы қатаң шаралар қолдануға дайын екендігін аңғартып жүр. Өткен тамыз айынан бастап Ресей Грузия мен Абхазияның және Оңтүстік Осетияның сеператистер жайлаған аудандарындағы өзінің әскери контингентінің санын көбейтіп жіберді. Жауынгерлер Тблисиден бар жоғы оншақты миль жерде тұр. Қасында Каспий энергетикалық құбыры мен теміржол бар. Әлгі нысандарды Ресей әскерилері кез-келген уақытта тарпа бас салып тартып алуы ықтимал.
Қапқазға ғана емес, көгілдір отын дауын тұтандырып Ресейдің Украинаға да соғыс ашуы мүмкін екендігіне алаңдаған авторлар «Мәскеу интервенция жасап жіберуге ілік іздеп жатыр» деп жазады.
Егер Киев Мәскеуге ашық түрде өкпесін таңа берсе, Ресей әскері Украина жерін басып өтетін құбырды «қорғауға» дайын тұр. Оның үстіне Ресей өкіметінің этникалық орыстарға Ресей төлқұжатын үлестіріп беруі Қырымның құқықтық статусын күрделендіре түсуде. Ол аз болғандай Ресей 2017 жылы жалдық мерзімі аяқталатын Севастопольдегі әскери-теңіз базасын сақтап қалуды талап етуде. Шамасы Мәскеу интервенция жасауға ілік іздеп жатыр.
Бұдан әрі «Жарлыс қауіпі жоғары өзге де өңірді көзден таса етуге болмайды» дей келіп мақала авторлары Астананың Мәскеуге қарайлай бергенінен ештеңе өнбесіне қынжылады. Сөз астарымен Ресейге қатысты Қазақстандағы басқару жүйесінің өзгеруі қажеттігін аңдатып, Әзербайжан мен Түркіменстандағы жағдайды мысалға алады.
Табиғи ресурстарға бай Қазақстанда миллиондаған орыс өмір сүреді. Елдегі жетекші тұлға Мәскеудің қыбын табуға тырысқанымен қуат көздерінің жартысын Закавказье арқылы тасымалдауға ынталы Қазақстанның қаракеті Кремльдің ызасын тудырады. Әзербайжан мен Түрікменстанның да жері энергетикалық ресурстарға бай, алайда аталған мемлекеттердегі басқару жүйесі Ресейдің қазіргі саясатынан сырт әрі тиімсіз. Ресей қасақана түрде таяуда Орталық Азия үшін жаңа «халықаралық» әскери контингент құрылғанын жария қылды.
Жоғарыдағы сөйлем жолдарына аса мән беріп қараған абзал. Өйткені мақалаға бұл жолдарды елшілік миссиясын тәмамдаған Уильям Кортни мырзаның Қазақстандағы қазіргі жәйттерден түйіп қосқандығына дауымыз жоқ.
Авторлар мемлекет басшыларының Мәскеуге жалтақтай беруінің түбі нәтижесіздікке ұрындырарына батыл болжам жасайды. Сөйтіп Ресей-Беларусь қарым-қатынасына тоқталады.
Ресей нарығы мен қуат көздеріне тәуелді Беларусь Мәскеуден үлкен көмек алып отыр, сөйте тұра ол өз бетінше әрекет жасауға бұрынғысынан гөрі мәжбүр болатын сыңайлы. Александр Лукашенко сияқты тәкаппар билеушіні тақтан тайдыратын «түрлі-түсті төңкеріске» Ресей кедергі келтіріп бағатын шығар, ал мұның ақыры Беларусьті ресей-беларусь одағы туралы ұзаққа созылған өнімісіз пікірталастың бедеу қалінде қалдырады.
Әрине, Батыс үшін Каспий аймағында игеріліп жатқан қуат көздері бәрінен маңызды.
Ресейдің айналасына доқ көрсетіп, күш қолдануы АҚШ пен Батыстың мүддесіне қырын келіп, қауіп төндіреді дейді авторлар. Себебі, Ресейдің Каспий аймағының қуат көздеріне жеке дара бақылау жүргізуі Батыс инвестициясы арқылы келіп құйылған миллиардтаған доллардың тұрақсыздығын тудырып, Еуропаны энергетика саласында тәуелді ете түседі.
Америкалық және еуропалық жасақтардың Орталық Азия мен Қапақаз жерінен жүріп отырып Ауғанстанға баратын жолы да байлана бермек.
Қазіргі жағдайда Батысқа Ресейді қатерлі жолға жүгінген шатақ амбициясынан бас тартқызып келеге келтіретін, сондай-ақ аймақтағы елдің тынштығын нығайтатын екі жақты қауіпсіздік стартегиясы қажет.
Ол үшін, мақала авторларына жүгінсек, экономикалық мәселелер мен қауіпсіздік шаралары туралы келіссөзді тездеткен жөн көрінеді.
Экономикалық диалог Ресейдегі экономикалық дағдарысты жұмсартып, сауда мен инвестицияны нығайтып, қуат көздерін пайдалануда өзгелермен тең әрі әділ қатынас жасауға көмектеседі. Осындай іс-шараның аясында АҚШ пен Еуропа Ресей мен Грузияның транспорттық, экономикалық байланысын қалпына келтіретін келіссөзге түрткі болмақ. Әлгіндей сәтті қадам жалғасын тапса оның Арменияға да пайдасы тиеді.
Қауіпсіздік жөніндегі диалог Грузияның барлық жағдайдағы ішкі ымырасын сақтауға бағытталып; Ресей өзінің қауіпсіздігін көрші елдердің кепілдігімен нығайтып; аймақтағы әріптестік қарым-қатынасты ядролық терроршылдық пен эпидемияның трансұлттық қатеріне қарсы тұратындай мақсатқа қолдануы керек.
Екіншіден, АҚШ пен Еуропа Ресейдің көршілеріне қорғаныс жүйесі мен маңызды құрылымдарын нығайтуға көмектесуі тиіс.
Осылай дей келіп мақала авторлары Ресеймен көрші елдердің Ресейдің әскери күштерін ауыздықтауға дәрменсіз екендігін, ал мына бетімен кете берсе Ресейдің әлемге ылаң салатынын ескеріп төмендегідей байлам жасайды.
АҚШ пен НАТО-ның қорғаныс мәселесі бойынша сергектігі зор маңызға ие. Көрші елдер Ресейдің әскери күштерін ауыздықтауға дәрмесіз. Мәскеудің кез келген мәселеге қатысты әрекеті агрессияға ұласуы ықтимал.
Ресеймен арадағы диалог және Ресейдің көршілерінің қандай жағдайда болмасын қорғаныс қабілетін арттыру Батыс үшін отты ошақ болып саналатын тағы бір соғыстың алдын алуға жәрдемін тигізеді.
«Абай-ақпарат»