Бейсенбі, 19 Қараша 2026
Жаңалықтар 43 0 пікір 19 Қараша, 2026 сағат 15:49

Спорт: Әр балаға 415 мың теңгеге дейін бөлінеді

Сурет: inbusiness.kz сайтынан алынды.

Қазақстанда спорт мектептеріндегі бір баланы даярлауға бөлінетін қаржы 233 мыңнан 415 мың теңгеге дейін ұлғайды. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді.

Не өзгереді?

Бұрын спорт мектептеріне қаржы жалпы смета бойынша бөлінсе, енді әр балаға жеке қаражат қарастырылады.

Ақша жаттығуларға, жарыстарға және оқу-жаттығу жиындарына жұмсалады.

Қаражаттың қалай пайдаланылғаны e-Sport платформасы арқылы бақыланады. 2025–2028 жылдарға 76,7 млрд теңге қарастырылған.

Сондай-ақ жаттықтырушы-оқытушыларға кәсіби шеберлігі үшін 30% қосымша ақы белгіленді. Министрдің айтуынша, легионерлерді бюджет есебінен қаржыландыруға тыйым салу нәтижесінде биыл 8 млрд теңгеден астам қаржы үнемделген. Оны балалар спорты мен инфрақұрылымды дамытуға бағыттау жоспарланып отыр.

Abai.kz

0 пікір