Алматыда белгілі журналист Галина Күзембаеваның аллеясы пайда болды
Алматы. 9 қараша. ҚазТАГ – Оңтүстік астанада белгілі қазақстандық журналист Галина Күзембаеваның құрметіне аллея ашылды. Әл-Фараби және Навои көшелерінің қиылысында 150 көшет отырғызылды. Сенбі күні өткен бұл шараға 200-ден аса журналит, қоғам қайраткерлері қатысты.
Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев, сценарист Лейла Ақынжанова, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы Мәрзия Тұрлыханова, қоғам қайраткері Болат Әбілев Галина Күзембаеваның қазақстандық журналистиканың дамуына қосқан елеулі үлесін атап көрсетті. Оның тікелей қатысуымен Қазақ теледидары, осы күндері 15 жылдығын атап өтіп жатқан «Gala TV» продюссерлік орталығы құрылды. «Поговорим о главном», «Тiлашар», «Лучше быть здоровым», «Хабар жер» телебағдарламалары қазақстандық көрермендердің арасында танымал болып отыр.
Режиссер Игорь Пискунов, продюсер Ирина Барманқұлова, журналист Нұрлан Махмұдов және басқалары Галина Күзембаеваның мектебінен өткен көптеген мамандар қазіргі кезде еліміздің алдыңғы қатарлы басылымдарында, телеарналарында жұмыс істеп жүргендерін атап өтті. Отырғызылған көшеттер белгілі қазақстандық журналисттің естелігі болатыны айтылды.