Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2321 0 пікір 9 Қараша, 2009 сағат 09:57

Сәмелөт-ау, сәмелөт мен өзіңмен ала кет!

Кейде адамның жаны қысылғанда не айтып, не қойғанын білмей қалады ғой. Бәлкім, Үкіметтің қар астында қалып бара жатқан астықты қалай құтқарамыз деген «қарбалас» қимылының нәтиже бермей тұрғаны және Үкіметке өткізе алмайтындары бар егіншілердің «қырсығып», сонша көп астық жинағаны жанына батты ма екен, әйтеуір, Өмірзақ Шөкеев Үкіметтің кезекті бір отырысында ортаға оқыс ой тастады.

Вице-прьемер Қазақстанда алақандай аэродрмдар салып, халықтың кішкентай самелөттермен қатынауын қамтамасыз ету керек деген ғажап идея көтерді. Шөкеев мырза мұның тиімділігін Африкадағы кейбір елдердің тұрғындары осындай самелөттермен көрші тайпаның дүкенінің алдына дейін ұшып бар топ ете қалатынын мысалға келтіре отырып дәлелдеп бақты. Вице-прьемердің есебі бойынша, Қазақстанда жаңадан салынған жолдарды ұстап тұру үшін 5 млн. теңге жылына шығын жұмсалады екен. Ал, мынау самелөттермен қатынау дегеніңіз өте-мөте қолайлы әрі тиімді көрінеді. Біздің «бақытымызға» қарай, Өмірзақ Шөкеевтің тың идеясын мұқият тыңдаған прьемер министр орынбасары айтқан ойдың «керемет» екеніндігіне бас шұлғып, бұл ұсынысты жақын болашақта іске асыруға кірісу қажеттігін қадап айтты.

Құдай қаласа, аспандағы айырпландардың кептелісін көруге де аз қалды. Ал, астығын ақ қардан қорғаштап, ауыл-үйдің ала сырмағын, ескі кілемдерін жинап есі шығып жүрген егіншілердің о дүниені қайдам, бұ  дүниеде құрамы өзгеруі екіталай Үкіметке деген адалдықтарына әлі дақ түспегені таңқалдырады. Сәл болмағанда, ұмытқандай екенбіз, әлгі кішкентай самөлеттердің бағасы 320 мың еуродан әрі қарай самғап кете барады екен.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616