ҚР бидайды терең өңдеу көлемін арттыруды жоспарлап отыр - АШМ
Алматы. 21 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстанда бидайды терең өңдеу өндірісін арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР ауыл шаруашылық министрлігінің бейсенбі күні таратылған хабарламасында айтылған.
«Егер бұрын біз астық пен ұн экспорттасақ, енді мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, республикада терең өңделген бидайдың өндірісі арттырылатын болады. Бидай ұлпа, крахмал және басқа құрамдастар түрінде қайта өңделіп, кейін олар экспортталатын болады», - деп мәлім етті ауыл шаруашылық министрі Ақылбек Күрішбаев. Оның сөздері баспасөз мәлімдемесінде келтіріліп отыр.
Оның айтуынша, бидайды терең өңдеу жөніндегі тиісті кәсіпорындар салынатын болса, 1,5 млн тонна бидайды осы кәсіпорындарға бағыттауға болады. «Осылайша, біз бидай өндірісінің дамуына бағытталатын экспорттық әлеуетіміз бен инвестицияларды арттырамыз. Жаңа жерлерді айналымға енгізу үшін ерекше мүмкіндік пайда болады», - деп қорытындылады министр.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев министрлер кабинетіне азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, сондай-ақ, өсірілген әлеуетті пайдаланып, мемлекеттік қолдаудың арқасында Қазақстанның экпорттық мүмкіндіктерін арттыруды тапсырды, ал экспорттық мүмкіндіктер, ең алдымен, дәнді-дақыл өндірісімен, соның ішінде бидай өндірісімен байланысты.