Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2511 0 пікір 22 Мамыр, 2009 сағат 06:39

Ресей Қазақстанға $7 млрд-тан астам қаржы инвестициялады және алдағы уақытта да бірлескен жобалар үшін жағдай жасауды жалғастырады

Астана. 21 мамыр. ҚазТАГ – Данияр Темирбаев. Ресей Қазақстан экономикасына $7 млрд-тан астам қаржы құйды және алдағы уақытта да бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін жағдай жасауды жалғастырмақ ниетте, деп мәлім етті РФ премьер-министрі Владимир Путин.
«Қазақстанға салынған ресейлік инвестициялардың жалпы көлемі $7 млрд-тан асады. Алдағы уақытта да бірлескен ірі жобаларды жүзеге асырудағы өзара тиімді ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайлар жасайтын боламыз», - деді ол Астанаға сапары шеңберінде қазақстандық әріптесімен өткен келіссөздерден кейін журналистерге.
В.Путин «Қазақстан Ресейдің негізгі экономикалық әріптестерінің бірі» болып табылатынын атап көрсетті. Оның ақпараты бойынша, екі елдің арасындағы тауар айналымының көлемі 2008 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 19%  артып, $19,7 млрд-қа жеткен.
Ресей үкіметінің жетекшісі тараптар бірқатар салалардағы ынтымақтастықтың қарқынын арттырмақ ниетте кенін жеткізді.
«Бұл жерде әңгіме ғарыш кеңістігін бірлесіп зерттеу және игеру, отын-энергетика кешеніндегі, газ саласындағы, электр энергетикасындағы, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы  ынтымақтастық және әскери-техникалық ынтымақтастық туралы болып отыр», - деді В.Путин.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5499