«Даму» қоры 2019 жылға дейінгі даму стратегиясын ұсынды
Астана. 1 желтоқсан. ҚазТАГ- «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының басқарма төрағасы Болат Мұқышев сейсенбі күні «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының жанындағы қоғамдық-консультативтік кеңестің кезекті отырысында қордың 2009-2019 жылдарға арналған даму стартегиясын ұсынды. Бұл туралы ҰӘҚ баспасөз қызметі таратқан хабарда айтылады.
«Жаңа стартегияның негізгі идеясы - қорды кәсіпкерлікті қаржылай және қаржылай емес қолдау шараларының негізгі интерграторы ретінде түрлендіру болып табылады. Бұл ретте «Даму» миссиясы – Қазақстандағы шағын және орта бизнестің сапалы дамуына септігін тигізу - өзгеріссіз қала береді», - деген Б. Мұқышевтің сөзі хабарда келтіріледі.
Ұсынылған 2019 жылға дейінгі стартегияда ШОБ-ті қолдаудың негізгі тетігі ретінде қор басшысы ШОБ үшін несиелендірудің пайздық мөлшерлемесін субсидиялау, аймақтарда нүктелік қаржыландыру бағдарламасы, франчайзингті дамыту, ШОБ-тің техникалық қайта жабдықтануына қолдау көрсету, кредиторлар алдындағы ШОБ міндеттеріне кепілдік беру, әйелдер кәсіпкерлігін қолдау, сондай-ақ лизингтік мәмілелерді жеңілдікпен қаржыландыру деп атады.

Осы тетіктерді іске асыру үшін экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңға енгізілетін өзгерістер жобасын дайындады. Онда ЖК-ні мемлекеттік қолдау тетіктерінің тізімі кеңейтілген. «Даму» қоры 2010 жылға 5 млрд теңге бөлу туралы бюджеттік өтінім берді.
Құжатта, «Даму» қоры жабдықтарды экспорттауға мүдделі шетелдік окмпанияларды іздестіруге бастамашыл болғаны айтылады. Сондай-ақ қор банктермен оларды өздерінің несиелендіру жобаларын іске асыруға тарту, жеңілдікпен қаржыландыру және бизнесті жартылай қаржыландыру бойынша келіссөздерді бастады.
Кеңес отырысында атап өтілгендей, «Даму» қорының барлық шараларын кешенді іске асыру елісіміздің шағын және орта бизнесінің дамуында сапалы серпіліс жасауын қамтамасыз етеді», - дейді баспасөз қызметі.