ТМД үкімет басшыларының отырысында Достастық елдерінің гуманитарлық ынтымақтастығына арналған құжаттарға қол қойылады
Астана. 21 мамыр. ҚазТАГ – Айнагүл Бекеева. ТМД мемлекеттерінің гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кеңесінің төрайымы, Ресей президентінің көмекшісі Джахан Поллыева Достастық елдері үкімет басшылары кеңесінің (ҮБК) алдағы отырысында гуманитарлық ынтымақтастыққа арналған құжаттарға қол қойылады деген үміт білдірді.
«Үкімет басшылары гуманитарлық ынтымақтастыққа арналған екі мәселені талқылап, тиісті шешімдерге қол қояды деп үміттенемін. Олардың қатарында ТМД мемлекеттерінің гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы басымдықты шаралардың алдағы екі жылға арналған жоспарының жобасын талқылау мәселесі бар», - деп хабарлады ол бейсенбі күні кеңестің отырысы барысында.
Отырысқа мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының (МГЫҚ) басқарма төрағасы, ҚР білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев, Әзербайжан елшісі және осы елдің кеңестегі өкілі Полад Бюльбюль Оглы, РФ президентінің арнайы өкілі, МГЫҚ басқармасының тең төрағасы Михаил Швыдкой және т.б. қатысты.
Одан басқа, Д.Поллыевның айтуынша, ТМД ҮБК отырысында Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының (МГЫҚ) стартегиялық даму мәселесі, оның ЮНЕСКО-мен өзара қарым-қатынасы және қорды қаржыландыру мәселесі талқыға қойылады.

Ол, сонымен қатар ТМД-дағы негізгі шараларға - биыл өтіп жатқан жастар Жылы мен 2010 жылғы ғылым мен инновация Жылына, сонымен қатар Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арналған шараларға айырықша назар аударылатынын атап өтті.
ҚР білім және ғылым министрлігінің мәліметіне сәйкес, жыл соңына дейін МГЫҚ форматында 100-ден аса шаралар мен гуманитарлық акциялар жоспарланған.