Жұма, 25 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3382 0 пікір 4 Желтоқсан, 2009 сағат 06:53

Астанада Қазақстан президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы басталды

Астана. 4 желтоқсан. ҚазТАГ – Дина Ермағанбетова. Тәуелсіздік сарайында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ҚР президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 21-ші отырысы басталды.

Бұл жолғы отырыстың тақырыбы - «Шетелдік инвесторлардың Қазақстанның әртараптандыру және технологиялық даму саясатына қатысуы».

ШИК отырысын мемлекет басшысы ашады.

Индустрия және сауда министрі Әсет Исекешев осының алдындағы хаттаманың орындалуы туралы және шетелдік инвесторлардың ел экономикасын әртараптандыруға қатысуы туралы баяндайды.

Еуропаның қайта құру және даму банкінің президенті Томас Миров шағын және орта бизнес секторын дамыту туралы баяндама жасамақ.

Бағдарламаға сәйкес, шара басталмас бұрын президент отырысқа қатысушылармен екі жақты кездесулер өткізді.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1455
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3073
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1084
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1012