Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2734 0 пікір 4 Желтоқсан, 2009 сағат 11:31

Мемлекет басшысы шетелдік инвесторлардан Nazarbaev University-ді қолдауын сұрады

Астана. 4 желтоқсан. ҚазТАГ – Дина Ермағанбетова. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев шетелдік инвесторларлардан Астанадағы Назарбаев атындағы университетті қаржыландыру үшін құрылып жатқан қорды қолдау туралы өтініш білдірді.

«Мен өзімнің атымды бір нәрсеге беруге қарсымын. Бірақ бұл жолы мен келісімімді бердім. Бұл университет менің атыммен Nazarbaev University деп аталып, білім министрлігіне бағынышты болады», - деді ол жұма күні мемлекет басшысының жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмысын қорытындай келіп.

«Университеттің жанынын ғылыми орталықтарды құру үшін, дәріс оқуға әлем ғалымдарын тарту үшін арнайы қор құрылуда. Мен достарымнан осы қорды қаражатпен қолдауын сұраймын. Бірге жұмыс істейік», - деді Н. Назарбаев.

Оның айтуынша, білім беру мекемесін басқару үшін әлемнің озық университеттерінің мамандары тартылады.

«Онда білім беру және жаратылыстану, инжиринг, энергетика мен медицина саласындағы ғылыми-зерттеу кешені болады. Біз бұл білім ошағы Еуразиядағы озық орталық болады деп есептеп отырмыз», - деді Н. Назарбаев.

Н. Назарбаев университеттің жанынан өндірістік кеңес құрылып, ол экономиканың нақты секторымен байланыса отырып, жұмыс істейтінін жеткізді. «Мен шетелдік инвесторларды осы университетпен тапсырыс беруді қалыптастыру бойынша, инженер-техникалық саладағы мамандарды дайындауда, ғылыми зерттеулерді жүргізуде және басқа да салалар бойынша белсенді түрде ынтымақтасуға шақырамын», - деді ол

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379