Жұма, 25 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3573 0 пікір 4 Желтоқсан, 2009 сағат 11:36

Алматыда ҚР Ғылым академиясы Ұлттық ядролық орталығының ғылыми қызметкерін тонап кетті

Алматы. 4 желтоқсан. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Алматының Бостандық ауданында ірі тонау оқиғасы болды, деп мәлім етті агенттікке құқық қорғау органдарындағы дереккөз.

Белгілі болғанындай, қарақшылардан Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының 47 жастағы тұрғыны зардап шеккен. Кейбір мәліметтерге сәйкес, ол ҚР ғылым академиясы ұлттық ядролық орталығында жауапты қызмет атқарады.

Дереккөздің айтуынша, әйелге кешкі сағат бес пен алтының аралығында «Орбита» шағын ауданындағы көппәтерлі үйдің кіре берісінде шабуыл жасалған. Қарақшылар одан ішінде $10 мың, 10 мың еуро және 500 фунт стерлинг ақша салынған сөмкесін тартып алып, алтын бұйымдарын шешіп алып, қашып кеткен.

Патруль нарядтары қылмыс орнына жақын маңды тінтіп шыққанымен, полиция қызметкерлері қылмысты ізін суытпай ашуға тырысқанымен, еш нәтиже болған жоқ.

Қалалық ІІД тергеу мүддесін алға тартып, оқиғаға қатысты түсініктеме беруден бас тартты. Департамент өкілдерінің хабарлауынша, оқиғаны тергеу және күдіктілерді іздеу мақсатында арнайы жедел-тергеу тобы құрылған.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1455
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3073
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1084
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1012