Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3185 0 пікір 23 Мамыр, 2009 сағат 20:32

Асылбеков Нұрғисаның блогы

Ашылған күні: 07.07.2007
Тақырыптық номинациясы: Жеке парақша (блог)
Ресурстық тілі: қазақша
Ресурс иесі: Асылбеков Нұрғиса, Шымкент, Қазақстан
Жоба туралы:

Ашылған күні: 07.07.2007
Тақырыптық номинациясы: Жеке парақша (блог)
Ресурстық тілі: қазақша
Ресурс иесі: Асылбеков Нұрғиса, Шымкент, Қазақстан
Жоба туралы:
Айта кетерлігі, бұл қазақтілді ғаламтор сегментіндегі блогосфераның бір өкілі. Әрі бұл блог «AWARD.kz-2009» ұлттық интернет-жүлдесі» жобасы бойынша 326 дауыс алып, SMS-дауыстар бойынша сайттар тізімін бастап тұр. Ал аталмыш байқаудың өткен жылғы қорытындысы бойынша «Мемлекеттік тілдегі үздік сайт» номинациясы бойынша 3-ші орынға көтерілген. Блог дегені болмаса, nurgisa.dosym.kz Қазнеттегі «мен» деген сайттармен тізгін қағыстыруға дизайны да, мазмұндық толтырылымы да жетерлік. Шымкенттік аудармашы Нұрғиса өмірден түйгендерін, көргендерін қызық та жеңіл тілмен жеткізу арқылы тұрақты аудиториясын жинап үлгерді. Басқа блогтардан айырмашылығы – мұнда жинақылық бар. Ойға алғанын, көңілге түйгенін төге салмай, «Анау-мынау», «Аудармашының сөздігі», «Күйкі тірлік жазбалары», «Шешемнен мирас жаһұттар» секілді бөлімдерге топтастырып отырады. Күні ескірген жазбалар мұрағатта сақталады, әлеуметтік тақырыпта сауалнамалар жүргізіледі. «Дәстүр-board» айдарымен кішкене ғана терезешеде қазақ халқының қисапсыз салт-дәстүрінен үзіп, ұмыт бола бастаған этнографиялық элементтер, әдеттер беріліп отырады.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5496