Иранның сауда министрі 13-16 желтоқсанда Қазақстанға сапар жасайды
Теһран. 7 желтоқсан. ҚазТАГ – Теһран провинциясы сауда ұйымының басшысы Сейед Әли Мусави өткен аптада Иран алдағы төрт айдың ішінде Ирак, Қазақстан және Италия елдеріне үш сауда делегациясын аттандыруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Fars агенттігі.
«Биылғы жылдың соңына қарай (Иран күнтізбесі бойынша 2010 жылдың 20 наурызына дейін) Италияға, Қазақстанға және Иракқа үш сауда делегациясын аттандырамыз», - деді Мусави.
Иран делегациясы Қазақстанда екі елдің сауда мүмкіндіктері бойынша дөңгелек үстел отырысына қатысу үшін желтоқсанның 13-і-16-ы аралығында болады.
Мусави Қазақстанға делегацияны Иранның сауда министрі басқаратынын атап өтті.
Бұрын хабарланғандай, Иранның бұрынғы сауда министрі (қазір ИИР мұнай министрі) Қазақстанға сапар жасамақ болған, алайда бұл жоспары жүзеге асқан жоқ.