Жұма, 25 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3177 0 пікір 7 Желтоқсан, 2009 сағат 08:15

Ұлттық банктің АВҚ және Ұлттық қордың қаржысы 1 желтоқсанда $48,15 млрд-ты құрады – Ұлттық банк

Алматы. 7 желтоқсан. ҚазТАГ – 2009 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша Ұлттық банктің жалпы алтын-валюта қоры мен Ұлттық қордың қаржысы $48,15 млрд-ты құрады. Дүйсенбі күні Ұлттық банктің сайтында осындай ақпарат жарияланды.

Ұлттық банктің жалпы халықаралық қоры қараша айының соңында $23,9 млрд болған. Алдағы айға қатысты ол 14,94%-ға немесе $3,1 млрд-қа өсті. Қаңтар-қарашада АВҚ 20,3%-ға өсті.

Ұлттық банктің валюта түріндегі бөлігі қарашада 15,8%, $21,19 млрд-қа дейін артты. Ұлттық банктің еркін конверттелетін валютадағы активтері жылдың басына қатысты 18,57% көбейді.

Қараша айында алтын түріндегі активтер 8,46% өсіп, $2,7 млрд-қа жетті. Жыл басынан бері бұл категория 35,6%-ға өскен.

Ұлттық қордың қаржысы қараша айында 2,2%, $23,7 млрд-тан $24,24 млрд-қа дейін артты. Жыл басына қатысты Ұлттық қордың активтері 11,8%-ға қысқарған.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1456
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3073
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1085
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1013