2010 жылдың 1-ші қаңтарынан Қазақстан мен Жапония арасында қосарланған салықты болдырмау туралы конвенция жұмыс істей бастайды
Астана. 8 желтоқсан. ҚазТАГ- 2010 жылдың 1-ші қаңтарынан Қазақстан мен Жапония арасында қосарланған салықты болдырмау туралы конвенция жұмыс істей бастайды. Бұл туралы ҚР елшісі Ақылбек Камалдинов Жапониядағы транұлттық «Марубени» корпорациясының басқарма кеңесінің төрағасы Нобуо Кацуматамен Токиодағы кездесуінде мәлім етті.
«Дипломат Қазақстан 2010 жылдың 1-ші қаңтарынан күшіне енетін қосарланған салқты болдырмау туралы және кіріске салынатын салықтан жалтаруға жол бермеу туралы Қазақстан мен Жапония арасындағы конвенцияға қатысты мемлекет ішіндегі процедураларды аяқтағанын жеткізді», - деп хабарлады ҚР СІМ.
Хабарда «Марубени» Қазақстанның мұнай-газ және энергетика саласындағы Жапонияның ең ірі инвесторы екені айтылады.
Кездесу барысында тараптар атом энергиясы, қуат үнемдеуші технологияларды енгізу, технологияларды трансферттеу, сондай-ақ «Марубенидің» Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторларына және ауыл шаруашылығына қатысуындағы өзара тиімді ынтымақтастық мәселлесін талқылап оның одан ары дами беретініне сенім білдірді.