Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3022 0 пікір 24 Мамыр, 2009 сағат 04:16

Маңғыстау облысында Каспий жағалауында соңғы есептеулерге сәйкес, 353 өлі итбалық табылды

Ақтау. 22 мамыр. ҚазТАГ – Маңғыстау облысында Каспий жағалауында соңғы есептеулерге сәйкес, 353 өлі итбалық табылды. Бұл туралы Алматының микробиология және вирусология институтының ғылыми қызметкері Айдын Қыдырманов Ақтауда өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

Оның айтуынша, биылғы жылдың 12 мамырынан бері Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында Каспий жағалауында 218 өлі итбалық табылған. Кейін «Батыс» аймақтық басқармасының шекарашылары Құлалы аралының ауданынан 94 өлі итбалыққа тап болған. Аталған ауданға жақын жатқан аумақтарды әуеден тексеру кезінде балық аулау ауларына түсіп қалған итбалықтар табылды. Тексерілген жерлерден ауру немесе әлсіз жануарлар табылған жоқ.

«Табылған жануарлардың тушалары қатты бүлінген, бұл олардың өткен жылдың желтоқсанынан биылғы жылдың наурызына дейінгі кезеңде қырылғанын білдіреді», – деді А. Қыдырманов.

Оның айтуынша, үш ересек итбалықтың тушасы зерттеу жүргізу үшін алынды. «Сараптаманың қорытындысы бойынша, жануарлардың жаппай уланудан, қандай да бір жұқпалы аурудың бас көтеруінен қырылу мүмкіндігін жоққа шығарып отырмыз, өйткені мұндай жағдайларда әдетте індеттің түрлі кезеңдеріндегі химиялық белгілері бар ауру және әлсіз жануарлар анықталады», - деп түсіндірді А. Қыдырманов.

Дегенмен, Жайық-Каспий департаментінің Маңғыстау облыстық филиалының бастығы Ықылас Ноғаев атап көрсеткендей, оның ведоствосының қызметкерлері өлі итбалықтар табылған ауданнан су сынамасын алған соң, әрбір төртінші сынамада мұнай өнімдерінің үлесі шамадан тыс көп екені анықталған. Рұқсат етілген шамадан 1,5 есе, темір металдар бойынша 2 есеге дейін артық болған. «Бірақ бұл сынамалар  (барлығы 47 сынама)  жануарлардың өліміне себеп болатындай, аталған теңіз акваториясының ластану деңгейін көрсетпейді», – деп түсіндірді ол.

Балық инспекциясы басқармасының бастығы Марат Ахмет атап көрсеткендей, мамырдың 15-і мен 20-сы аралығында Ақтау жағалауының сызығында итбалықтардың бүлініп кеткен тушалары табылған. Жедел үн қату топтары құрылып, қосындар ұйымдастырылды. Жағдай бақылауға алынды

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5500