Жұма, 25 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3296 0 пікір 9 Желтоқсан, 2009 сағат 06:59

ҰҚК жаңа басшысы БАҚ-пен ынтымақтаса жұмыс істеуге уәде берді

Астана. 9 желтоқсан. ҚазТАГ – Дина Ермағанбетова. ҰҚК жаңа төрағасы Әділ Шаяхметов БАҚ-пен ынтымақтаса жұмыс істеуге уәде берді.

«Мен сіздермен ынтымақтаса жұмыс істеймін деп ойлаймын, қоғамда туындайтын барлық жағдайлардың жолын кесу үшін сіздермен бірге әрекет етуге тиіспіз», - деді ол сәрсенбі күні парламентте журналистерге сұхбат беру барысында.

Журналистің «ҰҚК соңғы уақытта беделін түсіріп алған жоқ па?» деген сұрағына Ә. Шаяхметов «бұл артық сұрақ» деп жауап берді. «ҰҚК жұмысын құқықтық алаңда атқаруда», - деп атап көрсетті ол.

Оның пікірінше, «БАҚ-та ҰҚК қызметіне қатысты кейбір ақпарат бұрмаланып беріледі».

«Жалпы алғанда, мен барлық БАҚ-қа қанағаттанамын. Сіздер ақпаратты объективті бересіздер», - деді Ә. Шаяхметов.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1462
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3078
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1088
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1015