Жұма, 25 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4123 0 пікір 9 Желтоқсан, 2009 сағат 14:46

«Аламан» - Ел спорты туралы сайт

http://alaman.kz/

Тақырыптық номинациясы: Қазақстан спорты, жаңалықтар, сараптамалар, сұхбаттар  
Ресурстық тілі:  қазақша
Ашылған жылы:  2009, желтоқсан
Сайт иелері: Рауан Оқасов (редактор), Р.Меделбек (шеф-редактор)

Жоба туралы:

Сүйінші! Қазақ спорты жайлы тұңғыш интернет-сайт ашылды. Ел спортшыларының әлемдік сындардағы жетістігі мен қазақ спортының келелі мәселелері жайлы сөз қозғайтын жаңа сайттың атауы «Аламан» деп аталды.

Шыны керек, осы күнге дейін қазақ спорты жайлы жанкүйерлерге тұшымды ақпарат берер бірде-бір сайт болмапты. Енді міне сол олқылықтың орны толды. Бұл сайтты құрастырушылар - студенттер. Дәлірек айтқанда, сайттың ашылуына мұрындық болған әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінің студенттері Рауан Оқасов пен Руслан Меделбек.

Сайт бетінен оқырман қауым қазақ спортшыларының әлемдік сындарда жеткен жетістігімен қатар, ел біріншіліктері жайлы репортаждар, түрлі статистикалар мен тұщымды ақпараттарды оқи алады. Сайттың дизайнін жасаған елімізге танымал веб-дизайнер Аршат Оразов. Алдағы уақытта «Аламаннан» спортсүйер қауым түрлі сауалнамалар мен бәс тігу сайыстарына қатысып, онлайн трансляцияларды тамашалайтын болады.

Ендеше, «Аламанда» жүздескенше.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1462
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3078
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1088
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1015