Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2296 0 пікір 10 Желтоқсан, 2009 сағат 05:35

ҚКБ «Қуат» корпорациясының Астана мен Алматыдағы нысан құрылыстарын аяқтауға САҚ-тан 20 млрд теңге алды

Астана. 9 желтоқсан. ҚазТАГ– Қазкоммерцбанк«Қуат» корпорациясының Астана мен Алматыдағы нысан құрылыстарын аяқтауға «Стресстік активтер қорынан» (САҚ) 20 млрд теңге алды.

«Аталған қаржы Қазкоммерцбанкте депозит түрінде орналастырылды. Өз кезегінде банк Global Building Contract жобалау компаниясына Алматыда «Сайран» мегаауданындағы «46 квартал», «29 квартал», «Үш-Тобе»,  Астанадағы «Гранд Алатау» тұрғын үй кешен құрылысын қаржыландыруға, сондай-ақ басқа да кешендерге қатысты жобалық-сметалық құжаттарды дайындауға несиелік желі ашты», - делінген банк сәрсенбі күні таратқан хабарында.

Баспасөз хабарында «Самұрық-Қазына» мемхолдингімен Алматы әкімдігінің арасында қарашада қол қойған ынтымақтастық туралы меморандумға сай Алматыдағы үлестік құрылысты аяқтауға бюджеттен 75 млрд теңге бөлу қарастырылғаны айтылады.

«Қуат» корпорациясының бірнеше нысан құрылысын аяқтауға Қазкоммерцбанкке қайтарылымды және ақылы негізде жалпы көлемі 20 млрд теңгелік алғашқы транш берілді. Оның мақсатты пайдалануын қадағалау «Стресстік активтер қоры» мен «Қазкоммерцбанкке» жүктелген», - делінген баспасөз хабарында. 

«Қазкоммерцбанк» - қазақстандық банк жүйесіндегі көшбасшылардың бірі. ҚР қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің мәліметтеріне (ҚҚА) сәйкес,  банктің активтері 2009 жылдың қаңтар-қазанында 2,61 трлн теңгені, жеке  капиталы 266,124 млрд теңгені құрады. Банктің аталған кезеңдегі таратылмаған табысы 177,6 млн теңгені құрады. 30 қаңтарда «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры «Қазкоммерцбанкте» $1 млрд көлемінде депозит орналастырды, ол, банкті қайта капитализациялауға (36 млрд теңге) және экономиканың нақты секторын несиелеуге (84 млрд теңге) бағытталды. 5 мамырда банк банктің қарапайым акцияларын орналастыру есебінен жарғылық капиталын арттыратыны туралы жариялады. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ банктің 21,2% қарапайым акцияларын сатып алды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5413