Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2638 0 пікір 10 Желтоқсан, 2009 сағат 05:36

Ақтөбе облысында мал ұрлау оқиғалары жиілеп кетті

Ақтөбе. 9 желтоқсан. ҚазТАГ – Ақтөбе облысында мал ұрлаушылық жиілеп кетті. Жыл басынан бері мал ұрлаудың 105 фактісі анықталды. Былтырғы жылдың осындай аралығымен салыстырғанда ұрлықтың өсуі 28 %-ды құрады, деп хабарлады облыс ІІД-нен.

2009 жылдың 11 айында полиция 9 қылмыстық топты анықтап, 63 ұрыны ұстады. Ұсталғандардың барлығы дерлік бұрындары осындай қылмыстары үшін сотталғандар екені анықталды.

ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша ұрлық негізінен жайылып жүрген малдарға қатысты жасалады. Малдың жоғалғаны кездейсоқ, тіпті кейде бірнеше аптадан соң анықталады. Малын жоғалтқандар бірден полицияға жүгінбей өз беттерінше мал іздестіруге кіріседі.

Мысалы, Алға ауданында 18 бас жылқы қазанның ортасында жоғалыпты, бірақ мал иесі полиццияға тым кеш шағымданған. Бұл уақытта күдікті малдарды сойып қана қоймай етін облыс орталығындағы базарларда сатып та үлгерген. Тергеу барысында барымташының Мұғалжар ауданындағы осындай тағы екі ұрлыққа қатысы барлығы анықталды.

Айтекеби ауданындағы АІІД-не Құмқұдық селосының тұрғындарынан 45 бас сиыр жоғалғаны туралы шағым түскен. Келеген шығын мөлшері 2 млн теңге болған. Осы фактімен ұсталған көрші селоның екі тұрғыны малдардың көбін сойып сатып жіберген, аман қалған біраз бас мал егелеріне қайтарып та берілді. Күдіктілердің айтуынша олар иесіз мал жайылымда жүргенін пайдаланған.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415