«Қазақмыс» корпорациясының бір кәсіпорнында 16 млн теңгелік ұрлық жасалды; күзет қызметінің қызметкері күдіктелуде
Қарағанды. 9 желтоқсан. ҚазТАГ – «Қазақмыс» корпорациясының Қарқаралы ауданындағы Егіндібұлақ кентінде орналасқан Қарағайлы байыту фабрикасының реагенттік цехында контейнерді ашқанда 16,2 млн теңгелік 46,7 тонна бутил реагентінің жоғалғаны анықталған. Бұл туралы Қарағанды облысының ІІД хабарлады.
«Тергеу барысында бутил реагенті басқаларымен бірге контейнерде 35 кг-лік қаптарда сақталған. Нысан бейнекамералық бақылауда, және «Қорғау қызметі» күзетшілерімен қорғалады. Тексеру барысында жетіспеушілік 1135 қап болғаны анықталды», - деді ІІД. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полиция тергеу барысында оқиғаны қалпына келтірді. Куәгердің бірінің айтуынша, контейнер 30-шы қарашада бір рет ашылған. Сол күнгі күзетші фабрика территориясына КамАЗ автокөлігін өткізіп жіберіп, 40 минуттан соң оны реагент тиелген күйінде қайта шығарып жіберген. Бірақ осы екі сәтте де ол бейнебақылау мен жарықты өшіріп қойғаны анықталды.
Күдікті Мамраева селосының 26 жасар тұрғыны. Қазір ол қамауға алынды. Ұрланған заттардың бір бөлігі табылды. Ақжол ауылдық округ бөлімшесінде 424 қап реагент алынды. Ол 7 тоннадан астам. Ұрлыққа қатыстылар мен қалған заттарды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады ІІД-нен.