Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2643 0 пікір 14 Желтоқсан, 2009 сағат 07:19

Шымкентте жаңа жылдан бастап дәрі-дәрмек бағасы қымбаттайды

Шымкент. 14 желтоқсан. ҚазТАГ – Шымкентте жаңа жылдан бастап дәрі-дәрмек бағасы қымбаттайды. Дәрі шығарушылар бағаны көтереді. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан дәріхана ұйымдары басшыларының қатысуымен өткен фармацевтикалық жұмысты бақылау жөніндегі облыстық комитеттің кеңейтілген кеңесінде мәлім етілді.

«Өндірушілер бағаны кем дегенде 10%-ға көтереді. Олар бағаны 10-30%-ға, кейбір дәрілердікін 50%-ға көтеруді жоспарлап отыр. Бұл -сатып алынатын баға, демек көтерме және бөлшек саудадағы баға міндетті көтеріледі деген сөз», - деді «Ақ Ниет» ЖШС өкілі Гүлмира Мүсірәлиева.

«Кеше ғана «Санофи-Авентис»-пен әңгіме болған. Олар жаңа жылдан бастап бағаны 10–15% көтермек. Олар аса сұранысқа ие «Эссенциале», «Но-шпа» сынды препараттарды жеткізеді», - деді «Зерде» ЖШС дәріхана желілерінің өкілі Эльмира Жүзбаева.

Бөлшек сауда желісінің өкілдері дәрі-дәрмек бағасын 15-20% деңгейінде ұстап тұруға уәде етті.

Сондай-ақ, қалада тұмау мен суыққа қарсы шетелдік дәрілердің жетіспеушілігі байқалады. Провизорлар оны дәрілерді сертификаттау мерзімінің тым ұзаққа, бір айға дейін созылуымен түсіндіріп отыр. Сол себептермен суыққа қарсы дәрі де жетсіпей жатыр.

«Қазір парацетамал таблеткалары жетіспейді. Себебі өндірушілердің көбінде оған деген тіркеу аяқталып, ресейлік бір фирма мен шымкенттік «Химфарм» ғана қалды. Бірақ шымкенттік өндірушіде осы дәріні шығаруға субстанция жетіспейді, аталған дәріге деген дефицит осыған байланысты», - деп түсіндірді Э. Жүзбаева.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5408