Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2304 0 пікір 14 Желтоқсан, 2009 сағат 07:28

Тайландта бортындағы қару-жарақпен ұсталған ұшақтың экипажы қазақстандық азаматтардан құралған – азаматтық авиация комитеті

Алматы. 13 желтоқсан. ҚазТАГ - Дилярам Аркин. Тайландта бортындағы 35 тонна қару-жарақпен ұсталған ИЛ-76 ұшағының экипажы қазақстандық азаматтардан құралған. Бұл ақпаратты ҚазТАГ тілшісіне көлік және коммуникация министрлігінің азаматтық авиация комитетінің төрағасы Радиьбек Әдимолда хабарлады.

«Борттық номері 4L- AWA ИЛ-76 ұшағы Грузия жағына тиесілі. Экипажы қазақстандықтардан құралған. Олар – борт ұшқыштары Александр Зрыбнев, Виктор Абдуллаев, Виталий Шумков және кеме командирі Ілияс Ысқақов. Барлығы - Грузия жағы жалдаған Қазақстан азаматтары», - деді Р. Әдимолда.

Қазір ҚР СІМ болған оқиғаның мән-жайын анықтауда.

«Қазақстанның Бангкоктағы елшілігі оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Бізде әзірге ақпарат жоқ», - деді ҚазТАГ-қа ҚР СІМ баспасөз хатшысы Ілияс Омаров.

Тайланд БАҚ-тарының хабарлауынша сенбі күні, 12-ші желтоқсанда, Бангкокта бортында 35 тонна қару-жарағы бар ИЛ-76 ұшағы ұсталған. Ұшақ КХДР-дан ұшып шыққан және бастапқыда жанармай құю үшін жобаланған Шри-Ланканың орнына Бангкоктағы Дон Мыанг әуежайына қонған, со кезде ұсталған.

Бес адамнан тұратын экипаж – Қазақстан азаматтары: 53 жастағы Александр Зрыбнев, 58 жастағы Виктор Абдуллаев, 54 жастағы Виталий Шумков пен 53 жастағы Ілияс Ысқақов, сондай-ақ, 54 жастағы Белорусия азаматы Михаил Петухов қамауға алынды. БАҚ ақпаратына сәйкес, ұшқыштардың өздері КХДР-дан тасымалдаған жүктің не екенін білмегендерін айтқан.

«Көп жағдайда экипаж жәшіктерге салынған жүктің не екенін білмейді, себебі оларды ашуға құқығы жоқ. Ал жүкке жауапкершілікті оны аттандырушы және қабылдаушы жақ көтеруге тиіс!», - дейді Р. Әдимолда.

Бұл ретте Қазақстанның авиациялық сарапшылардың пікірінше, қазақстандық әуе компанияларын Еуроодақтың «қара тізіміне» енгізгелі бері көптеген қазақстандық ұшқыштар жұмыссыз қалған.

«Авиаторлар бұрынғы Одақтың басқа компанияларымен келісімшартқа отыруға мәжбүр. Заңнама бұған тыйым салмайды», - деді өзін таныстырғысы келмеген сұхбатшымыз.

Дереккөздерге сілтемелеген Bangkok Post газетінің хабарлауынша, АҚШ-тың өтініші бойынша Тайланд билігі ұшақ пен экипажды ұстап, тексеріске алған. Ондағы жүк бұрғылау қондырғылары деп көрсетілген. «Тексеріс көрсеткендей, ұшақ Пхеньяннан 35 тонна қару-жарақ тасымалдаған, оның ішінде зымыран ұшыратын механизмдер де болған. Жүк бір әскери базаға жеткізілген, сараптама сейсенбі күнге белгіленіп отыр», - делінген хабарда.

«Экипаждың бес мүшесі – 4-еуі қазақстандық және біреуі беларусиялық азамат ешқандай мәлімет бермеді. Олар қайда ұшып бара жатқанын айта алмаған. Ұсталғандардың біреуі олардың 4L-AWA ұшағы Пхеньянға Ресейден ұшып келгенін айтқан», - деп жазады Тайланд БАҚ-тары.

Bangkok Post газетінің мәліметтерінше мұндай номерлі ұшақ Грузияда тіркелген. Мұны Тайланд премьер-министрі жергілікті телеарнада растаған.

«Үкімет өкілі Панитан Ваттанайягорн экипажға дүйсенбі күні айып тағылатынын мәлім еткен. Айыптау - жүк туралы алдын ала жалған ақпарат беру және заңсыз қару тасымалдау туралы болмақ. Прмьер-министр Апхисит Ветчачива Тайланд БҰҰ резолюциясының аясында әрекет жасағанын мәлімдеді», - делінген басылымдағы хабарда.

Тайланд билігі экипажды кепілмен босатудан бас тартты.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407