Қараша айында ел экономикасында жұмыспен қамтылғандардың саны 15,7 мың адамға артты – статагенттік
Астана. 14 желтоқсан. ҚазТАГ – Қараша айында ел экономикасында жұмыспен қамтылғандардың саны 15,7 мың адамға немесе 0,2%-ға артты. Бұл туралы дүйсенбі күні статагенттіктің хабарламасында айтылған. Жалдамалы жұмыскерлердің қатары аталған кезеңде 5,2 млн адамды құраған (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 66,2%).
Бағалауға сәйкес, қарашада жұмыссыздар саны 548,5 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі – 6,5%. 2009 жылғы қарашаның соңында еңбек және кәсіпкерлікті қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 79,7 мың адам тіркелген. Тіркелген жұмыссыздардың үлесі экономикалық белсенді халықтың 0,9% құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,2% көп.
2009 жылдың қарашасында жасырын жұмыссыздықтың деңгейі экономикалық белсенді халықтың 0,7% құрады, деп бағаланып отыр.