«Барыс» ҚХЛ чемпионатында уфалық «Салават Юлаевқа» есе жіберді
Алматы. 14 желтоқсан. ҚазТАГ - Астаналық «Барыс» жексенбі күні құрлықтық хоккей лигасының жүйелі матчында уфалық «Салават Юлаевтан» 1:4 есебімен ұтылып қалды.
Уфалық хоккейшілер екі голды қатарынан соқты, жанкүйерлерін Александр Радулов пен Мирослав Блатяк қуантты. Кейін «Барыс» Сергей Гимаевтың тырысуымен есептегі айырмашылықты қысқартты. Бірақ матчтың соңында уфалықтар тағы да алға шығып, есепті 1:4 қылды. Шайба авторлары - Игорь Григоренко және Виталий Прошкин.
Осы жеңілісінен кейін «Барыс» 55 ұпаймен Шығыс конференцияда бесінші орынға орналасты.
Астаналықтар келесі ойынды 23 желтоқсанда өз мұз айдындарында череповецкілік «Северстальмен» өткізеді.