Прагада ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында Айман Мұсаходжаеваның концерті табысты өтті
Астана. 15 желтоқсан. ҚазТАГ – ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында Прагада Мариус Стравинскийдің жетекшілігіндегі «Академия Солистов» атты Қазақ мемлекеттік камералық оркестрінің сүйемелдеуімен Қазақстанның халық әртісі Айман Мұсаходжаеваның концерті табысты өтті, деп хабарлады ҚР СІМ.
Хабарда Еуропаның аса беделді концерт залдарының бірі саналатын Чехияның «Рудольфинум» филармониясының ғимаратындағы Антонин Дворжак залында ҚР елшілігі ұйымдастырған салтанат шаралары аясында өткен Айман Мұсаходжаеваның концертіне адамдар лық толғаны атап өтіледі.
Қазақстандық композиторлар Тілес Қажығалиев, Алмас Серкебаев, Серік Еркімбековтердің шығармалары мен Моцарт, Дж.Россини сияқты классиктердің туындылары орындалды.
Густав Малердің Еуропалық қоры Айман Мұсаходжаеваға оның шығармашылық жұмысы мен классикалық музыканы дамытуға қосқан үлесі үшін награда табыс етті, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
Концерттен соң ҚР елшілігінің атынан салтанатты қабылдау болды. Чехияның саяси және қоғам қайраткерлерінің, дипломатиялық корпустың, жергілікті іскер топ өкілдерінің алдында Қазақстан елшісі Анарбек Қарашев сөз сөйлеп, қазақ-чех қарым-қатынастарының ілгерлемелі дамуын атап өтіп, Қазақстанның тәуелсіз жылдары қол жеткізген жетістіктері мен саяси және экономикалық реформаларын қорытындылады.

«Чехия парламентінің төменгі палатасының төрағасы Милослав Влчек өз сөзінде экономикалық байланыстарды нығайтуға шақырып, Қазақстанды Еуроодақ үшін Орта Азияға шығатын қақпа деп атады», - делінген хабарда.
Қазақстанның Тәуелсіздік күнін тойлау аясында прагалық беделді «МИРО» галереясында өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін Еуропалық Фрац Кафка клубының наградасын алған қазақстандық суретші Ләйлә Махаттың көрмесі ашылды. Көрме келесі жылғы қаңтардың соңына дейін ашық болады.