Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3525 0 пікір 23 Желтоқсан, 2009 сағат 10:22

Министр «Мырқымбайлар» туралы ашына сөйледі

«Келіннің» дауы мәжілістегі үкімет сағатында да ұласты... «Келін» деп отырғанымыз кинорежиссер Ермек Тұрсыновтың отандық экрандар мен телеарналардан көрсетіле бастаған аты-шулы фильмі екенін оқырман ішінен жақсы біліп отырған шығар. Фильм киносыншылар мен киногерлердің «Қазақфильмде» өткен отырысынан бері екіұдай пікірдің талқысына түсіп келеді. Жақында аталған туынды «Қазақфильм» тарапынан «Оскарға» ұсынылды. Алайда, аталған «Келін»  және «Қарой», «Қайрат чемпион» сияқты фильмдер мәжіліс депутаты Нұрлан Өнербаевты  үкіметке мәлімдеме жасауға дейін жеткізді. Енді, міне, Мәдениет және ақпарат минситрі Мұхтар Құл-Мұхаммет  мырза да  мәжіліс депутаттарымен кездесіп, баспасөзде қатты талқыланып жатқан фильмдерге қатысты өз пікірін білдіріп, алдағы уақытта Мәдениет туралы заңға өзгерістер енгізілетінін хабаралады.

-         «Қарой» , «Әке қорлығы», «Тюльпан»  фильмдерін түсіріп жүргендер заңда реттелмеген мүмкіндікті пайдаланып, ойларына келгендерін істеп жүрген азаматтар ғой, - дейді министр.

Министр Құл-Мұхамметтің  айтуынша, алдағы уақытта Мәдениет туралы заңға өзгеріс енгізілгеннен кейін әрбір фильмге куәлік беріліп, содан соң ғана прокатқа шығарылмақ.

Ал, әзірге таспаланып қойған фильмдерге тосқауыл қоюға министрліктің пәрмені жүрмейтін көрінеді.

Бұл турасында министр:

-         Мырқымбай студиялар мен мырқымбай режиссерлер өздерінің мырқымбай киноларын алып келіп, мырқымбай кинотетрларда көрсетіп жатыр. Ал, оған министрліктің ешқандай  да құзіреті жүрмейді, - деді.

Дау-шары көп «Келіннің» режиссері  Ермек Тұрсынов болса, баспасөзді шулатқан туындысы туралы  министрдің аузынан жаңағындай сөз шыққанына еш қынжылыс білдірер емес. Қайта ұпайының түгелдене түскенін меңзегендей етіп 7-арнаның журналситеріне:

-         Егер менің кином көрерменге жетпей жатып, ұмытылып кетсе, өкінішті болар еді. Керісінше ол туралы күнде айтылуда. Қуанышты ғой. Шетелдерде қара пиар, черный пиар үшін қанша ақша төлейді. Енді бұлар тегін жасап беріп отыр. Рахмет айтамын, басқа не айтамын, - деді.

P.S.Тележәшіктің алдында отыратын  жұрт біледі: «Келін» фильмі 16-желтоқсанда КТК арнасынан көрсетілді.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3227
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5286