Бәріне уақыт – емші
«Дат» жобасы бойынша жарық көрген «Общественная позиция» газеті жыл жабар пікір ұйымдастырыпты. Газеттің жылды қортындылаған нөмірінде саясаттанушы Берік Әбдіғали мен ақын Бауыржан Қарабеков сөз алып отыр.
Берiк ӘБДIҒАЛИЕВ: ЕЛДI ЕРТЕТIН СЕРКЕЛЕР СУЫРЫЛЫП ШЫҚПАЙ ТҰР
- Сiздiң ойыңызша, өтiп бара жатқан жылдың басты оқиғасы қандай?
- Экономикалық, әлеуметтiк жетiстiктерге қатысты өзгерiстер болды, бiрақ ол алдын ала жоспарланған шаралар болғандықтан, басты оқиға деуге келмейдi. Банктердегi дағдарыс, iрi қаржы мекемесi саналатын банктердiң мемлекеттiк меншiкке өтуi - жай ғана бiр экономикалық-қаржылық мәселе емес, саяси астарлы үдерiс. Мiне, өткен жыл осындай оқиғаларымен есте қалды.
Қоғамдық санаға, үдерiске ықпал еткен бiрнеше сот процесiн айтуға болады. Ал ел iшiнде әртүрлi көзқарас тудырған «Ел бiрлiгi доктринасы» қоғамға ықпалы бар басты мәселе деуге келмейдi. Заңды құзыры жоқ, әдетте, қабылданып жататын тұжырымдаманың бiрi деп қана айта алам.
«Дат» жобасы бойынша жарық көрген «Общественная позиция» газеті жыл жабар пікір ұйымдастырыпты. Газеттің жылды қортындылаған нөмірінде саясаттанушы Берік Әбдіғали мен ақын Бауыржан Қарабеков сөз алып отыр.
Берiк ӘБДIҒАЛИЕВ: ЕЛДI ЕРТЕТIН СЕРКЕЛЕР СУЫРЫЛЫП ШЫҚПАЙ ТҰР
- Сiздiң ойыңызша, өтiп бара жатқан жылдың басты оқиғасы қандай?
- Экономикалық, әлеуметтiк жетiстiктерге қатысты өзгерiстер болды, бiрақ ол алдын ала жоспарланған шаралар болғандықтан, басты оқиға деуге келмейдi. Банктердегi дағдарыс, iрi қаржы мекемесi саналатын банктердiң мемлекеттiк меншiкке өтуi - жай ғана бiр экономикалық-қаржылық мәселе емес, саяси астарлы үдерiс. Мiне, өткен жыл осындай оқиғаларымен есте қалды.
Қоғамдық санаға, үдерiске ықпал еткен бiрнеше сот процесiн айтуға болады. Ал ел iшiнде әртүрлi көзқарас тудырған «Ел бiрлiгi доктринасы» қоғамға ықпалы бар басты мәселе деуге келмейдi. Заңды құзыры жоқ, әдетте, қабылданып жататын тұжырымдаманың бiрi деп қана айта алам.
Сонымен бiрге екi оппозициялық демократиялық партияның бiрiгуiн жылдың ерекше оқиғасы деуге болады. Болашақта тағы да әр жаққа бөлiнiп кетпесе жарар деген күдiк те жоқ емес. Жаңа дәстүрге, жаңа деңгейге көтерiлсе әрi басқа да саяси партиялар қосылып, демократия алаңында үлкен бiр саяси күш орнықса деп тiлеймiз.
- Қоғамның «қап!», «әттеген-ай!», «ендi қайттiк!» деген өкiнiшi қайсы деп бiлесiз?
- Жылдың өкiнiшi - табиғаты терiс сот процестерi. Сонымен бiрге «Тасжарған» тәуелсiз газетiнiң жабылуы, «Алматы-Инфо» газетiнiң бас редакторы Рамазан Есiргеповтiң бас бостандығынан айырылуы, құқық қорғаушы Евгений Жовтистiң соты, «Казатомөнеркәсiптiң» басшысы Мұхтар Жәкiшевке қатысты қозғалған, Марғұлан Сейсенбаев, Мұхтар Әбiләзовке қатысты қозғалған қылмыстық iстерге «қап» демеске амал жоқ. Ел болашағына өз үлесiн қосатын азаматтардың қуғынға түсуi бұқарананы алаңдатты. Ақ-қарасын сот анықтайды дегенiмiзбен, осы iстердiң астарында саясат тұрғаны рас.
- Жыл азаматы деп кiмдi айта аласыз?
- Жыл азаматы деп ел алдында жүрген тұлғалардың аттарын тiзiп шығуға болады. Герольд Бельгер, Мұхтар Шаханов, Тоқтар Әубәкiров сынды азаматтардың атын мақтанышпен айтуға болады. Сол қатарға екi партияның басын қосқан Жармахан Тұяқбай мен Болат Әбiловтiң азаматтығын айтуымыз керек. Бiрақ тәуекелге бел буып, қазақ ұлтының санасын сiлкiндiретiн, қоғамға ой салатын белсендi қимыл жасап, топ жарған ешкiм жоқ. Қоғамда наразылық бар, бiрақ елдi артынан ертетiн серкелер суырылып шықпай тұр.
- Келе жатқан Жаңа жылдан не үмiт күтесiз?
- Жаңа жылдан кез келген адам үмiт күтедi. Ал қоғам тұрғысынан сараласақ, Қазақстанның ОБСЕ-ге төрағалық етуi саяси факторға айналып, iшкi саясатқа ықпал етуде. Елдiң демократиялық даму үдерiсiне үлесiн қосып, әсер етедi деген үмiт бар. Ұлттық жобаларды iске асыру үшiн, шахановтардың белсендi әрекетi ұлттық сананы серпiлтсе, айтылған сөздiң бәрi қағаз жүзiнде қалмай, қазақ ұлтының саяси платформасы қалыптасар едi.
Бауыржан Қарабеков: ЖӘКIШЕВТIҢ ТАҒДЫРЫ ЖАНЫМА БАТАДЫ
- Сiздiң ойыңызша, өтiп бара жатқан жылдың басты оқиғасы қандай?
- Басты оқиғасы мынау деп бөле-жара айтар болсақ, әрине, тiлге тиек боларлық оқиғалар көп. Әсiресе осылардың iшiндегi ең ықпалдысы деп бiр-екеуiн терiп айтуға болады. Алғашқысы - «елдi бiрiктiрем» деген доктрина. Екiншiсi - бiр миллион гектар жердi Қытайға 49 жылға жалға беру жайындағы әңгiме.
Қытай үшiн жердi 49 жылға жалға алу - Қазақстанды жұтумен бiрдей саясат. 17 желтоқсан күнi Болат Әбiлов те алаңдағы жиналған халық алдында Қытайға жалға жер берудiң қаупiн ашалап түсiндiрдi. «Қытай Қазақстаннан 1 миллион гектар жердi жалға алса, 1 гектар жерге 5 қытайдың отбасы келедi. Бiр отбасында 3 адамнан болса, 1 гектар жерге 15 адамнан тура келедi. Сонда 1 миллион гектар үшiн келген қытайдың жалпы саны 15 миллоин болады. Әр гектар жерге келген 15 адамның кемiнде бiреуi босанса, бiр жылдың өзiнде 1 миллион «қазақстандық» қытай дүниеге келедi», - дедi «Азат» партиясының жетекшiсi. Халқымызда «Елу жылда - ел жаңа, жүз жылда - қазан» деген сөз бар. Егер Қытай бiзден жер алып, оның саны Болат айтқан есеппен көбейер болса, онда 49 жылда «ел жаңа» болып шыға келмей ме!?
Осы жылдың тағы бiр басты оқиғасы тәуелсiз бағыттағы «Азат» пен «Социал-демократтар партиясының» бiрiгуi болды. Бұл да - халық үшiн үмiттi iс. Ал «Нұр Отанның» бұрынғы хатшысы болған Дархан Калетаевтың президенттi «ұлт лидерi» жасау идеясы - ескi жылдың есте қалатын оқиғаларының бiрi. Жағымпаздықтың асқақ шыңы.
- Қоғамның «қап!», «әттеген-ай!, «ендi қайттiк?» деген өкiнiшi қайсы деп ойлайсыз?
- Дағдарыс кезiнде билiк банктерге жәрдем жасаймыз деп даурығып жүрiп, халықты банктерден үркiтiп алды. 4 миллиард доллардан астам ақшаны халық қазынадан керi қайтарып алды. Банктiң режимiнде банк қоржынына мемлекеттегi халық өзi ақша салмай, шетелден қор жия алмайды. Осыны түсiнбеген билiк басшылары банк пен халық арасын алшақтатып алды. Ал шетелден ақша түсiру үшiн кез келген банк мемлекеттiк үлестен арылуы керек. Банк мемлекеттен тәуелсiз болмай, шетелдiк инвесторлардан жәрдем келмейдi. Өйткенi банкке мемлекет сенiмдi серiктес бола алмайды. Бұл - банк шаруашылығындағы заңдылық. Ескi жылдың «әттегенайының» бiреуi және ең қауiптiсi - осы.
- Жыл азаматы деп кiмдi айта аласыз?
- Жыл азаматы болу - екiнiң бiрiнiң қолынан келе қоймайтын жетiстiк. Бiрақ осы 2009 жылдың азаматы деп, басқаларға қарағанда төбесi биiктеу көрiнген Мұхтар Шахановты айтуға болатын шығар. Оның «доктрина» туралы бастаған қимылы батыл болды. Бiрақ соңғы нәтижесiнiң немен тынарын кiм бiлсiн.
- Келе жатқан Жаңа жылдан не үмiт күтесiз?
- «Үмiтсiз - сайтан iсi» деген ғой. Менiң де жаңа жылдан жаңа үмiттерiм бар. Оппозициялық партиялар күшiне енiп, «Нұр Отанмен» тең тұғырға қонса, ел мен жер үшiн игi шаруалар iске асса, бiр үмiтiм - осы.
Осы жылы Жәкiшевтiң сотты тағдыры жаныма батады. Келер жыл Жәкiшов сияқты кiнәсiз iстi болған азаматтарға құт болса екен деймiн. Айыпсыз екенi дәлелденiп, ақ пен қара айырылса деген үмiтiм бар. Жәкiшевтен басқа да талай азаматтарымыз шетелде бас сауғалап жүр ғой. Бәрiне уақыт - емшi. Мәселен, қазақ ұлтының нағыз эталоны Мұхтар Мағауин ағамыз да Еуропада жүр. Сол кiсiлер елге қайтып, қазақ үшiн қызмет ететiн күн туса екен деймiн.
Парламент түптiң түбiнде ел атауы «Қазақстан Республикасын» «Қазақ Республикасы» деп өзгертпей, құлаққа түрпiдей тиетiн жаңа ұсыныстар жауыннан кейiнгi қозықұйрықтай қаптай беретiнiне күмәнiм жоқ.
«D»
«Общественная позиция»
(проект «DAT» № 12 (37) от 23 декабря 2009 г.