Қазақстанның көптеген облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады, елдің шығысында және орталығында бұрқасындатады
Алматы. 24 желтоқсан. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстан облыстарының басым бөлігіндегі ауа райын антициклон қалыптастырады. Республиканың солтүстігі атмосфералық фронттардың ықпалында болады, деп хабарлайды ТЖМ.
Алматы, Қызылорда облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің күші - 15-20 метр/сек, Оңтүстік Қазақстан облысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел тұрады, тұман, көктайғақ, Жамбыл облысында тұман, желдің күші - 15-20 метр/сек. Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, түнде Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында тұман түседі. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарында бұрқасындатады, желдің күші - 15-22 метр/сек.
Жақын күндері Қазақстанның өзен-көлдерінде мұз қату процесі күшейеді, республиканың жекелеген өзендерінде мұз кептелістері түзіліп, судың деңгейі көтеріледі. Шардара су қоймасынан су тасталатындықтан, Қызылорда облысында Сырдария өзенінде су көтеріледі.