Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4615 0 пікір 25 Желтоқсан, 2009 сағат 08:12

Сот жұмыстан шығарылған журналистті «Айқын» газетіндегі қызметіне қайта алуға міндеттеді

Алматы. 25 желтоқсан. ҚазТАГ – Алматы қалалық сотының апелляциялық инстанциясы «Айқын» газетінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі Асқар Ақтілеуовты қызметіне қайта қабылдап, оған мәжбүрлі демалысы үшін жалақы төлеп, моральдық шығынын өтеп беру туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды халықаралық сөз бостандығын қорғау жөніндегі «Әділ сөз» қоры.

А. Ақтілеуов «Айқынның» меншікті тілшісі болып бірнеше жыл жұмыс істеген, ал қайта ұйымдастыру шараларынан кейін сынақ мерзімінен өтпеген деген сылтаумен жұмыстан шығарылған. Бұған бас редактордың орынбасары жазған арыз хаттар себеп болған, осыдан кейін заңды әкімшілік шаралар жасалмаған. Журналист бұдан мүлдем бейхабар болған.

Журналист «Ақын газеті» ЖШС-іне және оның бас редакторы Нұртөре Жүсіпке қарсы сотқа шағым түсірді. Алайда Алматының Алмалы аудандық №2 сотының судьясы Н. Ескендірова журналисттің талаптарын қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдады. Апелляциялық инстанция аудандық соттың шешімін журналисттің пайдасына өзгертті.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1031
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2579
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 719
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 683